Қолөнерші диспетчер

Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчері Гүлзат Жаналықызы он қолынан өнер тамған шебер. Ауысымдық жұмыстан бос кезде ол қыз жасауын және оюлы көрпелер тігіп, түрлі бұйым тоқумен айналысады. Бүгінде содан тәп-тәуір табыс тауып отыр.

24 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы ғана емес, сонымен қатар дистанцияның бет-бейнесі саналатын, әрі мекеменің бүкіл ақпаратын білетін, бәрін бақылауда ұстап отыратын диспетчер – өте жауапты мамандық. Гүлзатты жұмысын ойдағыдай атқарып, отбасын да гүлдендіріп, өзінің сүйікті ісі бойынша табысқа да кенеліп отырған бесаспап келіншек деуге болады. Үйінде өзінің бөлек тігін бөлмесі және арнайы жалдайтын тігін цехы да бар ол бұл өнерді тігінші анасынан үйренген. Ең алдымен көрпе тігуді қолға алып, кейін қыз жасауын жасауға бет бұрды. Қазір қыз жасауы бойынша айына екі тапсырыстан алады, бір қыз жасауы 11-13 көрпеден тұрады. Сонымен қатар ол тоқымаға да бейім, тоқу арқылы үйге және сыртта киетін түрлі сәнді тәпішкелер, италиялық кардигандар тоқып сатады. Оған тапсырыс әріптестерінен, таныстарынан және әлеуметтік парақшасы арқылы басқа да адамдардан жиі түседі. Қазіргі таңда 8 наурыз қарсаңында түрлі тәпішкелер тоқуды көбейтіп жүр екен.  

Ал темір жол – оның өмірлік жан қалауымен арнайы жоғары білім алып оқыған мамандығы, темір жолсыз өмірін елестете алмайды.  

– Теміржолшы болу туралы ой ең алғаш бала кезде пойызға билет болмай, вагонда Алматы мен туған жерім Шалқар станциясы аралығында отырып келген сәттерде туындаған. 7-сыныптан бастап Алматыдағы республикалық физика-математика мектеп-интернатында оқыған едім, сол 1993 жылдары жазда каникулға баратын және қайтатын кезде пойызға отыратынмын. Сонда билеттерде орынды жолсерік көрсетеді деп жазылатын. Бірақ вагонда орын болмай үйге жеткенше қатты қиналатын кездерім көп болды. Содан өзіме «теміржолшы боламын және Шалқардан теміржол билеттерін орын санымен көрсетемін» деп сөз берген болатынмын, – деп күледі кейіпкеріміз.  

Еңбек жолын Ақтөбеде электромонтер болып бастаған Гүлзат Астанаға 2019 жылы келіп, Қырқыншы станциясында электромеханик болды, 2020 жылы диспетчер болып ауысты.  

– Диспетчер жұмысшылармен байланыста, басшылықпен бірлесе атқарылатын жұмыс, бүкіл ақпарат бізге келеді, қай механик қайда жүр, не істеп жүр – бәрін біліп отырасың. Төтенше жағдай болса да алдымен біз білеміз. Бастысы – теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етеміз, – дейді ол.  

Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді
Аймақтар
08.05.2026
Маңғыстауда тыл ардагері Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтар
08.05.2026
Талғат Алдыбергенов 100 жастағы ардагер-теміржолшыны Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2026
Теміржол вокзалындағы тәртіп сақшысы
Әлемде
08.05.2026
Ташкент вагон жасау зауыты биыл Ресейге 42 жолаушы вагонын жеткізуді жоспарлап отыр
Әлемде
08.05.2026
Қытайдан Ауғанстанға жаңа контейнерлік бағыт іске қосылды
Жаңалықтар
07.05.2026
Талғат Алдыбергенов Ерейментау вокзалы құрылысының барысын тексерді
Жаңалықтар
06.05.2026
Ұрпақтар байланысы: ҚТЖ ардагерлері немерелерімен Отан қорғаушыларды еске алды