Теміржолшы қазақ тіліннен сабақ беріп жүр

Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Кейінгі кезде қазақ тілінде сөйлеуге, тіліміздің терең мағыналы сөздерінің мәнісін білуге ынталы адамдар тобы артып келеді, дейді тіл үйрететін оқу орталығында түрлі ұлттар мен ұлыстарға ана тілімізден сабақ беріп жүрген теміржолшы. Теміржол саласында еңбек етіп жүргеніне қарамастан өзінің әубастағы мамандығын да ұмытпай, қаншама жанды мемлекеттік тілді меңгеруіне машықтандырып жүрген маңғыстаулық Зәуре Қосымбаева көп қырлы теміржолшылардан.  

Түбектік атақты ақын-айтыскерлер – Қосымбаевтар отбасынан шыққан ол бірнеше тілді меңгерген. Сондай қабілетінің болғандығынан орыстілді қазақтар мен өзге де ұлт өкілдеріне ана тілімізден және араб тілінің әліппесінен бастап, қос тілден сабақ беріп жүр. Ол өңірдегі «Парасат» оқу орталығында теміржолдағы жұмысынан тыс уақытта, яғни кешкі сағат 19:00 -21:00 аралығында сабақ береді. Аптасына үш рет осылай, тіл үйренгісі келетіндерге бағыт-бағдар сілтеп, ұстаздық етеді.  

-Ана тілін білмегеніне ұялмайтын немесе білсе де өз тілінде сөйлеуді қаламайтын қазақтарды қоспағанда  бүгінде тіліміздің қолданыс көкжиегі кеңіп келеді. Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің ғана емес, елдегі шетелдіктер мен  басқа мемлекеттерде тұратындардың да үйреніп жатқанын естіп, біліп, қуанамыз. Өзім неше жылдан бері оқу орталығында және мемлекеттік сатып алуға қатысып, сол бойынша түрлі мекеменің шеңберінде өзге ұлт өкілдеріне тіл үйретіп жүрген маман ретінде бұған көзім жетті. Қазір қазақ тілін білгім келеді дейтіндерге тағы бір қуанышты жаңалық бар. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Парасат» оқу орталығында өңір тұрғындары үшін қазақ тілі курстары тегін ұйымдастырылуда. Оқыту мерзімі үш айлық курсқа екі жүзге жуық адам қабылданады. Ол жерде алдымен келушілердің тіл білу деңгейі анықталады. Кейін сол бойынша бастауыштан бастап, іс қағаздарын жүргізу деңгейіне дейін топтарға бөлінеді. Сабақтар кешкі уақытта өтетіндіктен бұл жұмыс істейтіндерге де өте ыңғайлы. Осындай мүмкіндіктерден соң түрлі себеппен өз ана тілін білмейтіндер мен туып-өскен еліндегі мемлекеттік тілді меңгергісі келетіндердің біразы қазақ тілін үйреніп, ана тіліміздің қолданыс аясы тағы да кеңи түседі, -  дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде өзіне жүктелген міндетке қоса мемлекеттік тілге жауапты маман қызметін де қатар атқарып жүрген Зәуре Қосымбаева.  

Тіліміздің жанашыры боп, құс қанатымен су сепкендей болса да қазақ тілділер қатарын кеңітіп жүрген ол Маңғыстау теміржолында он жылдан астам еңбек етеді. Жүк тасымалы бөлімшесіндегі іс-шаралардың тізгінін ұстап, көрігін қыздырады. Біраз жыл түбектегі жоғарғы оқу орнында ұстаздық еткен Зәуре Қосымбаева теміржолдағы жұмысын 2013 жылы бастайды. Қазақ тілінің аудармашысы болып саладағы еңбекке араласады, қазір ол штат қысқартылып, өзге жұмысқа ауысса да әлі күнге бұл міндетті де қатар алып, мемлекеттік тілдің мерейі үшін қызмет етіп келеді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты