Қайсарлық – қанға біткен қасиет

Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Күннің ыстығы мен суығында ұзыннан ұзақ шұбалған вагондарды аралап, таң атырып, күнді батыратын теміржолшы аруларымызды батыр жандар дер едік. Екінің бірінің қолынан келмейтін мамандықты меңгеріп, табысқа жеткен маңғыстаулық тауар кассирі Фатима Нұржанова – сондай жандардың бірі.

Бейнеудің жол шебері болған әкесін көріп өскен ол темір жолдағы еңбек жолын 1988 жылы Бейнеу станциясында жүк қабылдаушы болып бастайды. Еңбек ете жүріп жоғары оқу орнында оқып, білімін шыңдаған. Жылдар өте Фатима Ұбайдоллақызы темір жолдың өзіндей қайсар да қатал, жауапкершілігі жоғары, өз міндетіне адал теміржолшы болып қалыптасты. Оның ауысымы үнемі жоғары еңбек көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Мысалы, өткен жылы статистикалық жүктеме 140%, жұмыс паркі 119%, қайта өңдеумен қарапайым транзиттік вагон 104%, қарапайым жергілікті вагон 101% орындалып, бейнеулік теміржолшылардың беделін биіктеткен. Кейіпкеріміз қазір Бейнеу станциясының Өзбекстан шекарасында тауар кассирі міндетін атқарады. 1991 жылдан бері екі ел арасындағы қабылданған және жөнелтілген жүк пойыздарына қызмет көрсетеді. Күнделікті жұмысына екі-үш сағаттық жолды жүріп өтіп жетсе де шаршауды білмей, барған бойдан өзіне берілген жүктемені алып, соны орындамайынша дамыл таппайтын қайсарлығы әріптестерін тәнті етпей қоймайды.  

– Жастайымнан әкемнің құрал-сайманын алып, жұмысқа кетіп бара жатқанын, жұмыс орнында не істейтінін көріп өскесін мен де осы саланы таңдадым. Ол кісінің қайсар мінезі бізге де дарыған, жастай еңбекке баулып өсірді. Анамыз да теміржол ауруханасында еңбек етіп, зейнетке шықты. Ата-анам дүниеден өтсе де солар салған жолмен жүріп келемін, адастырмасына кәміл сенемін. Осы кәсібімнің арқасында өзімнен кейінгі бауырларымның аяққа тұруына көмектестім, – деген кейіпкеріміз жұмыс барысында кездескен қызық та қиын күндерден сыр шертті.

– Жүк қабылдаушымын. Бұрын вагондардың пломбылары басқаша болатын, ол аяздан беті қатып қалып, түк көрінбей жалаң қолмен ұрғылап, әйтеуір бірдеңе қылып көресің. Суықтан қалам жазбай қалып, тағы қиналасың. Талай сондай сәттер өтті ғой. Қазір Өзбекстанмен шекарада тәулік бойына жұмыс істеймін. Шекаралық тауар кассирі болып ауысқалы жауапкершілік те артты. Тәулігіне сегіз-тоғыз пойызға дейін өткіземіз. Соларды қабылдап-тапсыру кезінде вагондардың құжаттарын қабылдап, тексеріп, АСУ ДКР бағдарламасына саламын. Ақтөбе мен Астанаға есеп беремін. Азияға тапсырылатын пойыздардың құжаттарын алып, оларды басқаша өңдеймін. Өзбекстан шекарасында интернет дұрыс ұстамайды. Бір құжатта өңдеуге біраз уақыт кетеді, соған қарамай күніне өз жоспарымызды орындаймыз, – дейді Фатима апа.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті