Батыл шешім бағаланады

Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласында еңбек ету – қиын да қауіпті, әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Осы сала мамандығын саналы түрде таңдау – оның ыстығы мен суығына дайын болу, соған мойынсыну деген сөз. Бүгінгі кейіпкеріміз Мәдениет Темірова осы қасиеттерге ие нағыз теміржолшы.

Атырау қаласында дүниеге келген ол мектеп бітірген соң педагогика саласында білім алып, біршама жыл еңбек етеді. Бірақ кейін тағдыр оны темір жолмен тоғыстырып, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің «Теміржол көлігінде тасымалды және басқаруды ұйымдастыру» факультетін техник мамандығы бойынша бітіреді. Темір жолдағы еңбек жолын 2008 жылы Қызылжар разъезінде кезекші болып бастайды.  

Ал 2016 жылдан бері Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Қызылжар бекетінде СОБ электромонтері және разъезд кезекшісі қызметін атқарып келеді. Теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі – 18 жыл. Күндіз-түні қозғалыстағы темір жолда күтпеген оқиғалар көп болады. Солардың бірін Мәдениет те бастан кешті. Бірде күн қараңғылана бастағанда Тұманды – Қызылжар айналымында машинист Е.Түсіпов тепловоз айнасынан «Б» секциясындағы тоңазытқыш тұсынан жалын шығып келе жатқанын байқайды да, радиобайланыспен дереу станция кезекшісі мен кейін келе жатқан тепловоздарға хабарлайды. Сол мезетте хабарды алған Қызылжар станциясының кезекшісі Мәдениет Темірова шұғыл түрде шешім қабылдап, бекеттегі бос тұрған 1-ші жолды өртеніп келе жатқан локомотивті оқшаулауға дайындайды. Тепловоз тоқтаған соң вагондарды маневр жасап бөліп алып, өртке оранған тепловозды бос жолға, яғни қауіпсіз аймаққа шығарады. Машинист тепловозды қол тежегішпен тоқтатқан кезде Мәдениет те локомотив бригадасымен бірге өртті сөндіруге кіріседі. Өрт толықтай сөндіріліп, тепловоз үлкен апаттан аман қалады.  

Бүгінде Мәдениет Аманкелдіқызы жұмысын жалғастырып жатыр. Жарасымды отбасы бар, үш баланың анасы. Жолдасы Ерсайын «Атырау-Жарық» мекемесінде жүргізуші. Үлкен қызы Зарина тұрмыста, мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі. Ал Назерке мен Батырхан – мектеп оқушылары. «Бала – өмірдің шырағы» деп отбасының қуанышы мен қызығына бөленіп жүріп жатыр. «Мәдениет жұмысына жауапты қарайды, ойы тұжырымды, адамгершілігі мол, ұжымдастар ортасында сыйлы жан» дейді ол туралы әріптестері. Басшылық тарапынан марапаттары бар және теміржол саласында 10 жыл мінсіз қызметі төсбелгісінің иегері.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті