Үздіктер қатарында

Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Осыдан біраз уақыт бұрын Абай облыстық Кәсіподақтар орталығы Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысын жариялады. Ол бойынша теміржолшы Жанар Ракишева аймақтағы ең үздік еңбек адамы ретінде танылды.

Жанар Серікқазықызы 1992 жылы еңбек жолын Семей вокзалындағы анықтама бюросында анықтама беруші және диктор болып бастаған. 2003 жылы Алматы қаласындағы Жол қатынастары университетіне тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, білімін жетілдірді.  

2014 жылы вокзал бастығының кезекші көмекшісі болып ауысады. Бұл өте жауапты қызмет. Себебі вокзал жұмысының тәулік бойы үзіліссіз және қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. Одан бөлек, жолаушылар ағынын реттеу, олардың қауіпсіздігін бақылау және туындаған мәселелерді жедел түрде шешу міндеті де тұр. Бұл ретте Жанар анықтама бюросының, кассалардың, күту залдарының және басқа да қызметтерді үйлестіріп, жұмыс ырғағының қалыпты өтуі жолында қалтқысыз еңбек етіп келеді. Пойыздардың келуі мен кетуі туралы ақпаратты бақылау, кешігулер, өзгерістер болған жағдайда жолаушыларға дер кезінде хабарлау да оның құзыретіне кіреді.  

Вокзалдағы міндет мінсіз болуы тиіс, себебі диспетчерлік қызметпен тұрақты байланыс орнату, төтенше немесе штаттан тыс жағдайлар орын алған сәттерде дереу ақпарат беру керек. Бұл өз кезегінде қалыптасқан ахуалды дұрыс бағалауды, қырағылық пен талапшылдықты да қажет етеді.  

Оның сыртында вокзал аумағындағы тәртіп пен санитарлық тазалықтың сақталуын бақылау, жоғалған заттар, құжаттар немесе жолаушыларға қатысты оқиғалар бойынша тіркеу жүргізу және тиісті органдарға хабарлау сынды жауапты міндеттер де тұр. Осы ретте Жанар Серікқазықызы қажет жағдайда қауіпсіздік қызметімен және желілік полициямен де бірігіп жұмыс жүргізеді.  

Арыз-шағымдарды қабылдау, жолаушыларға кеңес беру, ауысым журналын жүргізу, тәуліктік есеп тапсыру және жұмыс орнына келген кезекшіге жұмысты тапсырып, қызмет барысындағы ахуалды қысқаша баяндау Жанар үшін қалыпты ырғаққа айналды. Десек те, вокзал қызметінің моральдық тұрғыдан да жауапкершілігі бар. Жанар сан мәрте пойыздан кешіккен, құжаттарын жоғалтқан жандарға жәрдем көрсетіп, алғыс-батасын да алып жүр. Қызметтегі жетістіктері үшін иеленген марапаттары, алғыс хаттары бір төбе.  

– Семей теміржол вокзалының ұжымы тығыз ымыраластықта жұмыс жүргізетін, береке-бірлігі мығым кәсіби мамандардан тұрады. Ұжымдағы әріптестер арасында өзара көмек көрсету, сыйластық және қызметтік тәртіп жоғары деңгейде сақталған. Кейінгі толқын жас қызметкерлерге жол көрсетіп, тәжірибе бөлісуде де елеулі іс бар. Бұл орайда бүгінде аға буын маманға айналған, өз ісінің хас шебері, ширек ғасырға жуық тәжірибесі бар Жанар Серікқазықызының қосып келе жатқан үлесі жоғары. Еңбек адамының қызмет барысындағы алар жетістіктері әлі де алда екеніне сенімдіміз, – дейді бұл орайда кезінде Жанармен бір ұжымда еңбек еткен, вокзал басшысы қызметін атқарған, бүгінгі «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті