Қауіптің алдын алды

Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласында қауіпсіздік – ең жоғары құндылық. Осы қағиданы берік ұстанған Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының жетекші инженері, үздік маман Гүлнар Наумағамбетова өндірістік тексеріс барысында маңызды ақауды анықтап, ықтимал қауіптің алдын алды.

Гүлнар еңбек жолын Қарағанды темір жолында бастап, сосын Алматы локомотив пайдалану депосында тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы болып қызмет атқарды. Ал 2014 жылдан бастап Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясында электромеханиктен бастап, инженер, кейін жетекші инженер деңгейіне дейінгі кәсіби жолдан өтті. Бұл – үздіксіз ізденіс пен маңдай тердің жемісі.  

2024 жылдың күзі. Сүмбіле туып, аймақта толассыз жел соғып тұрған кез еді. «Жолда адам» жүйесі бойынша кезекті тексеріс барысында Гүлнар Нұртасқызы дистанция теліміндегі 10 кВ әуе желісін бақылап жүріп, №3 бағанадағы траверстің сынғанын байқап қалады. Кәдімгі көзге елеусіз көрінер ақау. Бірақ теміржол саласында «елеусіз» деген ұғым жоқ. Елеусіз деп назарға алынбаса, арты өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан дереу дабыл қағып тексеруге кірісуі керек...  

Мамандар жүргізген талдау нәтижесінде бұл ақау электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімді жұмысына ғана емес, пойыздардың қауіпсіз қозғалысына да қатер төндіруі мүмкін екені анықталды. Яғни бір бағанадағы жарықшақ жүздеген жолаушының тағдырына әсер етуі – ықтимал жағдай.  

Ақау анықталған сәттен бастап жедел жұмыс тобы құрылып, кемшілік қысқа мерзім ішінде жойылды. Сонымен қатар ВЛ-10 кВ әуе желілеріне жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылып, барлық телімдердің техникалық жағдайы қайта қаралды. Бұған дейінгі бақылау жұмыстарына жауапты мамандарға ескерту жасалып, атқарылған жұмыс- тар қайта сүзгіден өткізілді.  

– Гүлнар Нұртасқызы біздің үздік маманымыз. Электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде қашан да жоғары кәсіби біліктілігін танытады. Еңбек тәртібін қатаң сақтайтын, ұжым арасында беделді, жауапты маман, – дейді Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Асқар Алмағанбет.  

Темір жолда абырой – атақпен емес, атқарылған іспен өлшенеді аксиомаға айналған жайт. Гүлнардың еңбегі – соның айқын дәлелі. Оның дер кезінде байқаған ақауы жүздеген жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосты.  

Гүлнардың қырағылығы теміржолшы мамандығының қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін айқын көрсетеді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті