Шынайы құрметке лайық

Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мамандығына адал. Отбасылық дәстүрді жалғастырудың жарқын үлгісін көрсетуші. Құрметті теміржолшы. Міне, осы сөздердің бәрі Мәриям Тәженоваға бағытталады.

Астана вагон пайдалану депосында отыз жыл еңбек етіп келе жатқан Мәриям болашақ мамандығын аузынан ана сүті кетпеген кезден-ақ таңдады деуге болады. Ол өзінің өмірін «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері әкесі Гелманның ізімен жүріп, теміржол саласымен байланыстырудан көрді. Еңбек жолын 1995 жылы Астана вагон пайдалану депосында құрылыс материалдарын сақтаушы болып бастады. Өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқаратын елгезек жасты ұжым да бірден қабылдады. Кейін арнайы техникаға жанармай құю бағытын игеріп, онда бірнеше жыл табысты жұмыс істеді.  

Мәриям бұл қызметінің қыр-сырын жетік меңгеріп алғаннан кейін оны депо басшылығы контейнерлер мен вагондарға қызмет көрсету операторы лауазымына ауыстырды. Тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін Мәриям Гелманқызы өз бетінше жұмыс істей бастады. Бұл қызметінде де қоржынына мол тәжірибе жинады. Ал қазіргі уақытта ақпаратты өңдеудің дәлдігін, мерзімділігін және жылжымалы құрамның қозғалысын бақылауды қамтамасыз ете отырып, Астана вагон пайдалану депосында вагондарды орналастыру бойынша тексеруші болып жұмысын жалғастыруда. Биыл темір жолда тер төккеніне 31 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде ол адал еңбегінің жемісін жеумен қатар, түрлі марапаттар иегері атанды.

– Теміржол саласы бүкіл отбасымыздың негізгі нәпақасына айналған. Үлкен әпкем саналы ғұмырының көп жылын темір жолға арнап, қазір ҚТЖ зейнеткері атанып отыр. Үш інім де еңбек әулетін жалғастырып, саланың дамуына өзіндік үлесін қосуда, – дейді кейіпкеріміз. Кәсіби қызметімен қатар Мариям Гелманқызы отбасы мен үй тірлігін де назардан тыс қалдырған емес. Бөлме өсімдіктерін өсіру, түрлі дәмді тамақтар пісіріп, дайындау – оның сүйікті ісі. «Мәриям Гелманқызының өз ісіне адалдығы, жастарға жанашырлығы, жұмыста жауапкершілігі оның ізін басқан жас мамандарға үлгі-өнеге болса, ұжымы үшін шынайы құрметке лайық», – деп жылы лебіздерін білдірді әріптестері.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті