Кәсіби шыңдалу мектебі

Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда локомотив пайдалану депосында бір жылы кем аттай қырық жыл еңбек етіп келе жатқан Марияш Егембаева – машинистер жұмысын қадағалап, үйлестіретін жауапты маман.

Депо нарядшысының негізгі қызметі – локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастырып, ауысымға дұрыс әрі уақытылы шығуын қамтамасыз ету. Сапардан келген, сапарға шығатын машинистер бригадасының жұмысын реттеп отыру, солардың физикалық, психологиялық хал-ахуалдарын да назардан тыс қалдырмай қадағалап отыратын, бригадаға қатысты барлық жайды қадағалайтын аса жауапты маман.  

– Машинист пен көмекшілерді пойыз кестесіне сәйкес ауысымға бөлу, олардың біліктілік рұқсатының сапарға шығатын бағыт учаскесі бойынша сәйкестігін тексеру, жұмыстан бос уақытындағы демалыс уақыты мен еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау, сапарға аттандырар алдында әр бригадаға рейс алдындағы тапсырманы рәсімдеу, пойыз нөмірі, бағыты, локомотив туралы мәлімет беру, қажетті құжаттар дайындап, тіркеу жұмыстарын жүргізу, т.т. толып жатқан жұмыстар біздің құзырымызда, – дейді Марияш.  

Жалпы алғанда, нарядшы – локомотив депосының ұйымдастыру өзегі. Оның жұмысы дәл болмаса, пойыз қозғалысының ырғағы бұзылады. Жоғары жауапкершілікті, ұқыптылықты және теміржол тәртібін жетік білуді талап ететін жұмысты атқару кез келгенге сеніп тапсырылмайды.  

– Біздің депоның нарядшылары өздеріне тапсырылған жұмыстарды кәсіби деңгейде атқарады. Марияш осы қызметке келгенге дейін талай сатыдан өтті. Бүгінгі міндеті – локомотив бригадаларын, олардың жұмыс және демалыс режимін бақылау, еңбек заңнамасына және салалық нұсқаулықтарға сай сағат нормасын есептеу, артық жұмыс уақытына жол бермей, резервтегі бригадаларды жоспарлау секілді жұмыстарды жүргізумен қатар, демалыс режимін бақылап, есеп жүргізіп, оперативтік жағдайларда әрекет етуін реттеп, қадағалап отыру. Сонымен қатар болып қалуы мүмкін оперативтік жағдайларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында толық құрамды бригада жіберу, бригадаларды кенеттен ауыстыру қажеттігі туындағанда, кешігу, сырқаттану кезінде шұғыл шешім қабылдайтын да осы Марияш секілді мамандар. Бұл тұрғыдан алғанда Марияш Дәулетқызы өз міндетін бес деген бағаға орындап жүрген маман, – дейді Қызылорда локомотив пайдалану депосының бастығы Нұртай Байғазы.  

Ал Марияш болса, депо – менің кәсіби шыңдалу мектебім дейді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті