Еңбегі берекелі билет кассирі

Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Вокзал – темір жол көлігін пайдаланушы жолаушылардың шоғырланған орны. Мұнда күн сайын жүздеген адам әр бағытқа билет алып кетіп жатады. Ал сол адамдарға қызмет етуші ең алдымен билет кассирлері. Олар күн демей, түн демей сол жүздеген жолаушылардың көңілін тауып, діттеген жеріне дейін жетуі үшін билет сатып қана қоймай, қалай жетудің бағытын да түсіндіріп жатады. Солардың бірі – Атырау вокзалының билет кассирі Бисалиева Қалампыр отыз екі жылдан бері бір орында бір қызметті атқарып келеді. 

Өзі де вокзал салынған 1975 жылы сол маңдағы Елшібек ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Гурьев станциясы пайдалануға берілгенде станцияға алғаш жұмысқа тартылған теміржолшылардың көбі де сол ауылдың адамдары болып еді. Қалампыр қаладағы № 9-шы мектепті бітіріп, Гурьев политтехникумына оқуға түседі де, оны 1994 жылы бухгалтерлік есеп мамандағы бойынша бітіріп шығады. Содан бері вокзалда билет кассирі болып еңбек етіп келе жатыр. 2002 жылы Манарбек есімді жігітпен отбасын құрды. Бір ұл, бір қызы бар. Ұлы Әнуәрбек мұнайшы болса, қызы Жадыра Еуразия университетінің студенті.  

- Өрімдей жас кезімнен бастағаннан да шығар, мен өз мамандығымды жақсы көремін. Жауапкершілігі мол жұмыс, өйткені халықпен және қолма қол ақшамен жұмыс жасайсың. Күніне билет алуға қаншама адам келеді, олардың мінез-құлқы да әр түрлі болады, сондықтан салмақты диалог арқылы сөйлесу керек. Келімді-кетімді басқа ұлт өкілдері де көп, олар кейде ойын жеткізе алмай қиналып жатады. Барынша түсініп, түсіндіріп айтасың. Бір ауысымда ондаған адамға билет сатып қана қоймай, қай жерден мініп, қай станциядан түсетінін де тәптіштеп түсіндіру біздің міндетіміз. Яғни, жолаушыға қызмет көрсетуде кемшілік болмауы тиіс, - дейді Қалампыр өз жұмысының мән-жайын түсіндіріп.  

Билет кассирлерінің жұмыс уақыты – бір ауысымда 12 сағат. Сол уақытта түрлі жағдайдағы адамдар келеді екен. Соның ішінде билетке ақшасы жетпей тұратындары да кездеседі. «100, 50, 20 теңге ақшасы жетпей қалатындар болады. Ондайда өзіміз аяп, жолынан қалмасын деп  жанымыздан қосып жібереміз. Құжатын ұрлатып алғандар, тіпті тамаққа ақшасы жоқ жолаушылар да болады. Аш қой деп тамағына да бересің. Әйтеуір жолынан қалмасыншы дейсің ғой. Бір билет кассирі күніне орта есеппен 200 билет сататын болса, сол уақытта әр түрлі оқиғалар болып жатады» дейді Қалампыр. Ия, 12 сағат бойына тек ауызбен емес, қолмен де, мимен де, жүрекпен де жұмыс жасау оңай емес. Ең бастысы – жолаушының жолынан қалмауы. Кейбірі кешігіп келіп сан соғып жатады, біреулері билетті кері тапсырады, бірі ақшамды толық қайтармадың деп дау шығарады. Әйтеуір тынымсыз тірлік. Бірақ, сонда да сабырлық сақтап, жолаушыға жайымен түсіндіріп, билет сатушы ғана емес, психолог болуды да қажет ететін мамандық екен. «Қалампыр өз жұмысына тыңғылықты қарайды, жауапкершілікті сезіне білетін маман. Мінезі ашық, жайдары, халықпен жұмыс жасай біледі. Сол үшін де басшылық тарапынан марапаттарға ие болды. Ұжымда сыйлы» дейді вокзал кассасының меңгерушісі Ажар Ахметова.  

- Әйелдер, аналар мерекесімен барлық теміржолшы әріптестерді құттықтаймын және соған мүмкіндік сыйлаған «Қазақстан теміржолшысы» газетіне рахмет. Бәріміз де ұл-қыз тәрбиелеп отырған анамыз ғой. Сондықтан да ақын Толымбек Әлімбекұлы айтқандай, «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырған» аналар мерекесі барша аруларға қуаныш сыйласын, дендеріңіз сау, өмірлеріңіз бақыт пен сыйластыққа толы болсын! – деген Қалампыр Жұмабайқызы баршаға ақ тілегін арнайды.  

 

Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
10.06.2026
Олжас Бектенов туристік бағыттар бойынша теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды
Әлемде
10.06.2026
TGV-M жүрдек пойызы 2026 жылдың қыркүйегіннен жолаушыларды таси бастайды
Трансформация
10.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік саясаты: қызметкерлерді қолдау мен өңірлерді дамыту бағыты
Жаңалықтар
09.06.2026
Алматы өңірінде теміржол инфрақұрылымын көктемгі тексерудің қорытындысы шығарылды
Жаңалықтар
09.06.2026
Құрық пен Махачкала порттары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жолаушылар тасымалы
09.06.2026
ҚТЖ жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдамақ
Жүк тасымалы
09.06.2026
Алашаңқай станциясында алғаш рет қатты желдің салдарынан 14 төтенше дайындық режимі енгізілді
Сұхбат
09.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы теміржол қатынасын қалай дамытып жатыр?
Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді