Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді

ҚТЖ келбеті
16.10.2026, 08:34
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық Бекболсыновтар әулеті «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша екінші орын алып, қаржылай сертификатпен марапатталды.

Бірнеше буын теміржолшылар ұрпағы жалғасып келе жатқан бұл әулеттің бір мүшесі – бүгінде Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде еңбек ететін Фариза Бекболсынова. Сонау түбекке теміржол тартылған жылдары еңбекке араласқан атасының жолын жалғаған ару 2014 жылдан бері еңбек етеді. Қазір Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде жетекші инженер-эколог қызметін атқарады. Ол – бұл әулеттегі үшінші буын теміржолшы.

– Темір жол – біздің тағдырымыз, теміржолшы – кәсібіміз. Бірнеше ұрпаққа жалғасқан адал қызметіміз бағаланып, еленіп жатқанына қуаныштымыз. Теміржолшы мамандығы – біз үшін жай ғана мамандық емес, атадан балаға жалғасқан өмірлік ұстаным, жауапкершілік пен абыройдың символы. Әулетіміздің еңбек жолының негізін қалаған атамыз Бекболсын Айтжан 1963 жылдан 2002 жылға дейін Бейнеу жол дистанциясында қарапайым жол жөндеуші қызметінен телім бастығына дейін көтерілген, «Құрметті теміржолшы» атанған атақты жолшы болды. Бүкіл еңбек ғұмырын теміржол саласына арнаған әжеміз Үзілдік Айтжанова 1963–2001 жылдары Бейнеу станциясында жүк қабылдап алушы болған. Әкем Бердіқұл Айтжан да Бейнеу жол дистанциясында өмірінің соңына дейін, яғни 2014 жылға дейін еңбек етті. Анам Азила Айтжанова 39 жыл жол дистанциясында есепші болды. Мен де сол кісілердің сара жолын жалғастырып келе жатқаныма мақтанамын, – дейді Фариза Бекболсынова. 

Өзіне ең жақын жандардың жүрген жолымен жүріп, тек қана алға деген ұстаныммен еңбек етіп жүрген ол бөлімшедегі үлгілі қызметкер саналады. Түрлі сайыстарға қатысып, мекемедегі іс-шаралардың көрігін қыздырып жүрген белсенді жан. Өткен жылдары ҚТЖ-ның 120 жылдығына арналған «Теміржолшы әулеті» челленджіне қатысып, әулетінің тарихын мекеме шежіресіне енгізген еді. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды