Маңғыстауда биыл 12 мал пойыздың астына түскен

Қауіпсіздік
17.06.2024, 12:54
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің Маңғыстау жол дистанциясына қарасты теміржол аумағында биылғы жылдың өткен бес айында 12 мал пойыздың астына түскен. Бұл тек бөлімшеге қарасты бір дистанция бойынша ахуал.  

Теміржолдағы мал мәселесі айта-айта жауыр боп, әлдеқашан тізесі шыққан тақырып. Дегенмен, тығырықтан шығудың жолы қайсы деген мәселе әлі шешімін таба алмай отыр. Малда «тіл» жоқ, оны соққан машинисте жазық жоқ. Енді қайтпек керек? Төрт түлікке тіл бітіп, ақыл-ес кіруін күтпейміз әрине, мыңдаған шақырым теміржолды түгел қоршау да  мүмкін емес. Сондықтан теміржолшылар өз күштерімен тынымсыз күрес жүргізуде.  

Былтырғы бес айдағы көрсеткіш те оңып тұрған жоқ, осы аумақта он мал теміржол көлігіне басылған, биылғы көрсеткіш көріп тұрғанымыздай одан да  көбейген. Төрт түліктің жолға шығуына пойыз машинистері 62 рет шұғыл тежеу беруге мәжбүр болған. Бұл жағдайлар 3,10 тонна жағармайдың ысырап болуына әкеп соққан. Сонша шығын мен кеткен уақыттың өтеуін кімнен сұрауға болады?    

– Пойыздың мал басуымен байланысты фактілердің барлығы да төрт түліктің теміржол бойында жүруі, бақташының болмауы салдарынан тіркеліп отыр. Ол Маната-10, 11-12, 14-15, 15-16, 16-Тамақ-Маңғыстау, Ақбөбек-Бастау, Шетпе-14, Жетібай-Өзен бекеттер мен станциялар аралықтарында болған жағдайлар. Оқиғаның төртеуінде мал иесі әлі табылмады. Қалған 8 деректе малдың кімдікі екені анықталып, иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 30-тарау 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес ескерту мен айыппұл салынды, – дейді бұл туралы дистанцияның жетекші инженері Ержан Артықбаев.  

Мұндай деректердің алдын алу үшін жолшылар тек биыл мал иелері, төрт жүзден астам адаммен кездесіп, ақпарат беріп, түсінік жұмыстарын жүргізген. Төрт түлікке арнайы бақташы ұйымдастыру ұсынысымен Маңғыстау, Қарақия және Мұнайлы аудан әкімдеріне 14 хат жолданған.  

Желілік полиция бөлімшесі және ауыл әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесе Шетпе, Аусары, Қосбұлақ, Емір, Мұнайшы ауылдарының тұрғындарына теміржол бойында мал жаймау туралы профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ    биылғы жылы темір жол аумағына мал кірмес үшін №11-12, 12-13, 13- Шетпе-14, 15-16, Жетібай-Өзен аралықтарына малға қарсы 118 шақырым жаңадан қоршау құрылысы жоспарланып отыр екен.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты