Пойызда төбелес шығарған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жаңалықтар
04.12.2025, 09:42

Абай облысында пойызда жанжал шығарып, әріптесін ұрған 38 жастағы ер адам 90 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Ол вахтаға бара жатқан жолда танысын бірнеше рет бет тұсынан ұрып, орташа дәрежедегі жарақат салғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сот шешімі бойынша азамат Аягөз аудандық пробация қызметінің есебіне алынған. Қызмет өкілдері оған жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын түсіндіріп, жазадан жалтарған жағдайда жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.

Сотталған ер адам ажырасқанын, кәмелетке толмаған бір ұлы барын, қазір ата-анасымен бірге тұратынын айтқан. Ол Аягөз қаласындағы коммуналдық кәсіпорындардың біріне қоғамдық жұмысқа орналастырылып, еңбек тәртібін сақтап жүр.

Пробация қызметі мұндай шаралар тек сот үкімін орындау үшін ғана емес, қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу үшін де қажет екенін айтады.

Ал ер адамның өзі жасаған әрекетінің салдары өмірін күрт өзгерткенін мойындап, жазасын толық өтеуге дайын екенін жеткізген.

Спорт
29.06.2026
Түлкібастағы тораптық жарыс
Аймақтар
29.06.2026
Үш өңірде қайта құрудан кейін бес теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
29.06.2026
ҚТЖ мен Wabtec Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебін салып жатыр
Әлемде
29.06.2026
Израильдегі теміржол құрылысы кезінде 1700 жылдық Рим мүсіндері табылды
Жаңалықтар
29.06.2026
Жолаушылардың тыныштығы – басты назарда
Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты