Өрт кезіндегі әрекет

Қауіпсіздік
04.12.2025, 11:02
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі ғимаратында апатты жағдайлар бойынша «Өрт кезіндегі әрекет. Барлық қызметкерлерді эвакуациялау» атты тақырыпта жаттығу өтті.  

Капталдас ғимараттан өрт шығып, ол темір жол мекемесі ғимараттарына қарай өршуі мүмкін деген болжаммен дабыл қағылып, сағат 11:00 де "Сирена" соғылды. 11:02 белгі берілісімен барлық қызметкерлер ауладағы арнайы жиын орнына көшірілді.  

Адамдарды эвакуциялау туралы "Бірыңғай құтқару қызметі 112 және "ТЖД кезекші бөліміне" де шұғыл хабарлама берілді. Азаматтық қоғаныс инженері жиналған қызметкерлерге "Сирена" дабылына назар аударып кері байланыс жасаудың маңызын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар айнала толған зауыттар, әр түрлі ғимараттар барын, олардың да техногенді сипаттағы төтенше жағдайға дайын болуы өте маңызды екендігін айтты.  

Өрт пойызының мамандары оқиға орнына шұғыл жетіп, өртті сөндірді. Содан кейін қызметкерлер еңбек орындарына қайта барды.  

«Тілсіз жаудың қашан, қайдан келіп қалғанын білмей қалатын жағдайлар көп кездеседі. Әсіресе ондаған адам отырған ғимаратта өрт шыққан не басқа бір төтенше жағдай орын алған кезде қызметкерлер қалай әрекет етуі керек, ондайда өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау үшін не істемек керек? Ол үшін әрине оқу-жаттығу жұмыстары жиі жүріп тұрғаны абзал. Осы мақсатта өткен шараға барлық қызметкерлер қатыстырылды. Бұл адам өмірі мен қауіпсіздік үшін қажетті жаттығу болды», - дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс инженері Нұрлан Сұлтанғалиев.  

Эвакуациялау жаттығуына ғимараттағы Атырау жүк тасымалы бөлімшесінен 53 адам, магистралдық желі бөлішесінен 60 адам, «ҚазТемірТранс» мекемесінен 5 адам қатысты.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл