Теміржол бойындағы қауіпсіздік басты назарда

Қауіпсіздік
27.06.2024, 16:26
Аслан Кудабаев

Собственный корреспондент по Костанайской области

Жылдың жаз және күз кезеңдерінде темір жолдарда кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың саны артады.

Кейбір жасөспірімдер теміржол бойымен серуендеп жүрсе, басқалары вагондар мен электровоздардың үстіне шығып селфи жасайды. Және бұл жағдайлардың әрқайсысы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының «Қостанай филиалы» МКҚК Қостанай филиалы темір жолдағы қауіпсіздік ережелерді сақтау мақсатында оқушылар мен жасөспірімдерге профилактикалық жұмыстарды дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Атап айтсақ, Қостанай станциясының қызметкерлері Қостанай қаласының теміржолға жақын орналасқан – №122, 115, 8 орта мектептерінде жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Мұндай шараларға 4-11 сыныптардың 400-ден астам оқушысы, сондай-ақ олардың ұстаздары қатысты. Теміржолшылар оқушыларға «Темір жол – қауіпті аймақ» атты көрнекі жадынамалар таратты.  

Сонымен қатар, теміржолға жақын орналасқан тұрғын үйлердің пошта жәшіктеріне темір жол бойында ұстану қажет ережелер туралы ақпараттық парақшалар орналастырылды.

«Оқиғалардың себептері жеке қауіпсіздік ережелерін бұзу әрі белгіленбеген жерде темір жолдарды кесіп өту, темір жолдардың электрлендірілген учаскелерінде болу, бұл өмірге аса қауіп төндіреді. Балалар мен ересектер темір жолдың қауіпті аймақ екенін есте ұстағаны жөн! Темір жол көлігінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Өміріңізге қауіп төндірмеңіз, өзіңізді және достарыңызды жазатайым оқиғалардан сақтаңыз. Есіңізде болсын: байланыс сымындағы кернеу 27 500 вольт», - дейді Қостанай станциясының бас инженері Жаслан Төрежанов.  

Теміржолшылар селфи жасау үшін азаматтарды вагондардың төбесіне немесе теміржол көпірлерінің металл конструкцияларына шықпауға шақырады. Байланыс желісінің тіректеріне қол тигізбеңіз, жаяу жүргіншілер көпірінен түрлі бұйымдарды, магниттік таспаны және басқа заттарды лақтырмаңыз. Байланыс желісі құрылғыларына екі метрден кем жақындамаңыз, бұл өмірге қауіп төндіреді!

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады