Апат айтып келмейді

Қауіпсіздік
14.08.2025, 11:17
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Иә, апат айтып келмейді.  Сондықтан барлық өрт сөндіру және құтқару қызметтеріне әрдайым сақтық пен дайындық өте қажет. Осы мақсатта Атырау станциясында жоспарлы оқу-жаттығу өтті.  

Таңертеңгі 10.00-де Атырау станциясына таяу Отын ресурстары орталығының Атырау филиалына қарасты қоймасында мұнай резервуарын дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау талаптары сақталмай, өрт пайда болады. Жақын орналасқан резервуарларға көшу қаупі туындап және жұмысшылар өміріне де қауіп төндіреді.  

Ашық отты байқаған жұмысшылар дереу Атырау станциясының кезекшісіне хабарлайды. Ол өз кезегінде қалалық өрт сөндіру қызметі 101 нөміріне, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі, Атырау орталықтандырылған өрттік байланыс пунктінің диспетчеріне және Ақжайық өрт сөндіру пойызына, сонымен қатар аймақтық пойыздарды басқару орталығы «РЦУП-Ақтөбе» кезекшісіне хабарлайды. Барлық қызметтер шұғыл әрекет етіп, алдымен Атырау электрмен қамту дистанциясы «Отын ресурстары орталығында» электр жүйесін тоқтан ажыратады. Ал Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясы ол жерде байланыс торабын ұйымдастырады. 

Оқиға орнына шұғыл жеткен Атырау әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлері оқиға болған жерді оқшаулап, бөгде адамдардың өртке жақындауына жол бермейді және жұмысшыларды қауіпсіз жерге шығарады. Ақжайық өрт сөндіру пойызы өрт ошағы орын алған жерге 20 минутта жетіп, су және көбік шашу оқпандарымен өртті сөндіруге кіріседі. 10.55-те өрт ошағы басылып, 11.15-те Ақжайық өрт сөндіру пойызы мен Атырау ТЖД №1 ӨСБ қызметімен бірлесе өрт толықтай өшіріледі.  Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиевтің айтуынша, бұл – жылына екі рет болатын жоспарлы өрт сөндіру оқу-жаттығуы. «Отын ресурстары орталығында» алғаш рет өткізіліп отыр.  

– Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының «Атырау станциясындағы отын қоймасында сыйымдылығы 3000м/куб резервуарлардағы өртті сөндіру және өрт зардаптарын жою бойынша практикалық шараларды жүргізуді ұйымдастыру» бұйрығына сәйкес бүгінгі өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.  Бұл жеке құрам мен өртке қатысы бар құрылымдық мекемелердің төтенше жағдайға дайындығын тексеру әрі шыңдау үшін, апатты жағдайда шұғыл шешім қабылдауға үйрену үшін қажетті іс, – дейді ол.  

Өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығуға әртүрлі құрылымдардан барлығы 57 адам, 1 пойыз және 5 техника жұмылдырылып, 10 тонна су, 40 литр бензин жұмсалған. Атырау станциясының басшылығы оқу-жаттығудың тәртібіне сай азаматтық қорғаныс құрылымдарын жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етсе, ҚР ТЖД «Азаматтар медициналық орталығы» қызметкерлері және азаматтық қорғаныс құрылымының санитарлық пост қызметкерлері шартты түрде зардап шеккен жұмысшыларға медициналық көмек көрсетті.    

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда