«ҚТЖ»-да еңбек қауіпсіздігі мен экология бойынша үздіктер анықталды

Қауіпсіздік
16.09.2025, 08:16
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен еншілес ұйымдары қызметкерлері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша жыл сайынғы корпоративтік олимпиадалар өтті. Екі олимпиаданың біріне еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі 14 маман, екіншісіне 14 эколог қатысып, 3 кезеңнен тұратын білім сынағында жарысты.

Олимпиаданы сөз сөйлеп ашып берген компанияның Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Әділбай Семенов бұл білім жарысының еңбек қорғау үшін қаншалықты маңызды екенін айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.  

– Бұл білім додасы тек жарыс қана емес, сонымен қатар еңбек қорғау саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам. Себебі осындай біліммен қаруланған сіздердің күн сайынғы жұмыстарыңыз еңбек жағдайын жасап, өндірісте жазатайым оқиғалардың болмауына септік етеді, яғни қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етеді, – деді департамент директоры.  

Білім сайысына аталған департаменттің бас менеджері Дамир Иманбеков, Еңбек қауіпсіздігі және экология инспекциясының менеджері Арсен Нарғожин, компанияның бас HR-бизнес серіктесі Әсел Ақтау, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет тобының жетекшісі Бақытжан Ділімбетов, «Қазкөліккәсіп» ҚБ еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық инспекторы Қайрат Мұқанов қазылық етті.  

Жарыстың 1-кезеңінде еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы нормативтік құжаттарды білуге арналған тест сұрақтары қойылды. Бұл кезеңде қатысушылар 30 минутта 20 сұраққа жауап берді. 2-кезең оқиғалық тапсырмаларды шешуге арналды. Мұнда қатысушылар командаларға бөлініп сайысты. 3-кезеңде әр қатысушы өзі дайындап әкелген блиц сұрақтарды қойып, өзгелер жауап бере алмағанда ұпай сұрақ қоюшының өзіне есептелді. Барлық қатысушылар білімі мен қиын жағдайда шешім қабылдай алу қабілетін көрсетті.  

Нәтижесінде бірінші сайыскерлер арасында еңбек қауіпсіздігі бойынша корпоративтік олимпиадада 1-орынды Арыс вагон пайдалану депосының қауіпсіздік және экология секторының бастығы Жұмағали Әмір иеленіп, оған осы жүлдесіне қоса «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі мен санаторлық-курорттық шипажайға жолдама, 40 АЕК көлемінде сыйақы берілді. 2-орын Ақтөбе ЖТ бөлімшесі Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің жетекші инженері Бақытнұр Ермековаға беріліп, осы жүлдесі үшін ол да аталған төсбелгі және сыйақымен марапатталды. Ал 3-орынға «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының өндірістік-техникалық секторының жетекші инженері Олеся Мирамова лайық деп танылып, оған «Үздік маман» төсбелгісі мен 10 АЕК көлемінде сыйақы берілді. Қалған 11 қатысушы да түрлі аталымдар бойынша марапат алып, компанияның басқарма төрағасының Құрмет грамотасына және 8 АЕК көлемінде сыйақыға ие болды. Барлық қатысушыларға кәсіподақ атынан 30 мың теңге ақшалай сыйлық ұсынылды.  

Түстен кейін тура осындай олимпиада еңбек қорғау бойынша экологтар арасында өтті. Бұл жарыста 1-орынды Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің өндірістік қауіпсіздік және экология, еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметінің жетекші инженері Лаура Жамшитова, 2-орынды «Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі» ЖШС Павлодар филиалының қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша 1-санатты маманы Қапар Рахимжанов, 3-орынды Балқаш белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік қауіпсіздік және экология, еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметінің жетекші инженері Олжас Ерменбетов иеленді. Екінші олимпиада қатысушылары мен жүлдегерлері де жоғарыда айтылған бірінші жарыстағы сайыскерлер сияқты алған орнына қарай төсбелгілер және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Экологтар арасында бірінші орын алған Лаура Жамшитова 14 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы, қызметін Көкшетау электрмен жабдықтау дистанциясында бастаған.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті