Тілсіз жауға тосқауыл тетігі

Қауіпсіздік
07.11.2025, 08:59
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылмен салыстырғанда биыл түбек темір жолында өрт қауіпсіздігін бұзушылық деңгейі азайған. Былтыр он айда 629 дерек анықталса, жыл басынан бері аталған кері көрсеткіш едәуір төмендеген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстау мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Қайырхан Таласовтың мәліметіне сүйенсек, биылғы 10 ай ішінде жалпы саны 982 нысанның өрт қауіпсіздік жағдайы тексеріліп, 589 бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 54-і өрт сөндіргіш құралдарына, 27-сі автоматты өрт сөндіру құрылғысының жарамсыздығына немесе жабдықталмағандығына қатысты болған. 160 деректе автоматты өрт дабылқаққыштың жарамсыздығы немесе жабдықталмағандығы анықталса, 24 жерде тоқ жүйесіндегі өрт туындатуы мүмкін кемшіліктер кездескен.  

Сонымен қатар 2 өрт оқиғасы тіркелген. Оның бірі 5 тамызда ПЧ-13 Маңғыстау мекемесінде жөндеуде тұрған АС-0045 автоматрисасының өртенуі болды. Өрт дәнекерлеу жұмысы барысында қауіпсіздік ережесінің қадағаланбауы салдарынан туындаған. Екінші жағдайда қазан айының басында Сайөтес-9 бекет аралығында 181 шақырымда ағаш шпал белгісіз өрт ұшқынының түсуі салдарынан жана бастаған.  

Биыл мекемелердің өртке қарсы қауіпсіздігін қарау барысында алпысқа жуық түрлі кішігірім кемшіліктер табылған. Қалған өрт қауіпсіздігін бұзушылық деректері жылыту жүйесіне, өрт сөндіру жүйесінің жарамсыздығына, апаттық шығу жолдарына, автоматты өрт дабылқаққыш жүйесіне техникалық қызмет көрсетілмеуіне, жылыту пункттерінің ішкі жарларының жанғыш материалмен қапталуына және өртке қарсы тәртіптің сақталмауына, т.т. қатысты болған.

– Осы жылы анықталған бұзушылықтарға қатысты 30 ескерту парағын бердік. Оның 25-і нысандарға, қалған бөлігі тоқтан ажырату, теміржол жиегі, жолаушылар және қызметтік-техникалық вагондарға қатысты болды. Вагондар демекші, қаншама халықтың тағдырына жауапты жолаушылар пойыздарының өртке қарсы қауіпсіздігі ерекше қадағалануы тиіс. Бұл тұрғыда биыл он айда былтырғыдан көп, яғни 25/184 жолаушылар пойыздары/вагондарын тексеріп, 34 бұзушылықты анықтадық. Өткен жылы 18/144 жолаушылар пойыздары/вагондары тексеріліп,16 бұзушылық дерегі кездескен еді. Сондай-ақ осы тексерістер барысында 4 локомотивтен – 4, 115 арнайы жылжымалы құрамнан – 5, 22 қызметтік-техникалық вагоннан 9 кемшілік анықталды, – деген Маңғыстау мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Қайырхан Таласов жоғарыда аталған өрт саласындағы олқылықтарды қайталамау, болдырмау бағытында жалпы саны мыңнан астам қызметкерге 248 рет қауіпсіздік нұсқауы, мың жарымға жуық жұмысшыға өрт-техникалық минимум өткізілгенін айтады.  

Жалпы осы мерзім ішінде түбек темір жолы бойынша 14 рет оқу-жаттығу ұйымдастырылып, дайындықтар пысықталған. «Тілсіз жауға тосқауыл тетігі – ол ең алдымен темірдей тәртіп пен ереженің сақталуы» дейді тәжірибелі өрт сөндіруші.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл