Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған

Қауіпсіздік
15.06.2026, 10:33
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша өткен жылмен салыстырғанда қозғалыс қауіпсіздігін бұзу екі есеге  жуық төмендеген. Бұл – Қызылорда аймақтық қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлары аппаратының тынымсыз жұмысының  нәтижесі.

Бас ревизор ұсынған мәліметтерге сүйенсек, өткен жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша барлығы 34 қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайы орын алса, биыл бұл көрсеткіш 18 жағдайға дейін төмендеп, 16 жағдайға азайған. Өткен жылы жылжымалы құрамның рельстен шығуының 2 оқиғасы тіркелсе, биыл ондай келеңсіз жағдай орын алмады. Өткен жылы 32 оқыс оқиға есепке алынса, биыл ол да 18 жағдайға төмендеген. Бұл көрсеткіштер – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық жұмыстарды күшейту және алдын алу шараларының нәтижелі жүргізілуінің айғағы.    

Локомотив шаруашылығы бойынша да қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайы айтарлықтай жақсарған. 2025 жылы тепловоздардың жоспардан тыс бұзылуы 24 жағдайды құраса, 2026 жылы ол көрсеткіш 14 жағдай болған.  

Жол шаруашылығы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Ә.Жүсіпбековтің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың бес айында 20 мал басу оқиғасы орын алса, биылғы бес ай ішінде бөлімше бойынша 10 жағдай тіркелген. Алайда тек мамыр айында мал басу оқиғасы 4 жағдайдан 6 жағдайға өсіп отыр.

– Үстіміздегі жылдың бес айында осындай жағдайлардың алдын алу үшін локомотив машинистері 29 рет жедел тешегіш қолданып отыр. Бұл былтырғы жағдайлармен салыстырғанда 35 жағдайға азайған, былтырғы бес айда 64 жағдай болған. Малға қарсы қоршауларды жаңарту жұмыстары 50 шақырымға жоспарланып, 21 шақырымда қайта құрылып, жаңаланды. Осындай жұмыстар тек теміржолшылар тарапынан ғана емес, жергілікті қадағалау органдары, яғни теміржол полициясы, көлік прокуратурасы, жергілікті әкімгершілік пен ауыл ақсақалдарымен де қоян-қолтық жұмыс атқарылуда, – дейді Аймақтық қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлары аппаратының бастығы Алмат Молдашев.

Әрине пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты түрлі іс-шаралар тұрақты жасалуда. Жол бойындағы қараусыз малға байланысты жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, атқарушы билік органдарына қатынас хаттары жолданып, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге темір жолдың аса қауіпті аймақ екендігі түсіндірілуде.  

2026 жылдың 5 айында Қызылорда аймақтық қозғалыс қауіпсіздігі бойынша реизорлары барлығы 317 тексеру жүргізген, оның ішінде: кенеттен – 72 рет, жоспарлы және мақсатты түрде – 206 рет, түнгі уақытта 39 рет тексеру болған.    

– Тексеру барысында барлығы 2 434 бұзушылық анықталып, 208 тыйым салу шарасы қабылданды. Оның ішінде: пайдаланудан 19 локомотив уақытша шығарылды, жөндеуден 2 локомотив уақытша шеттетілді, пайдаланудан 54 жүк вагоны шығарылды, 7 жолаушылар вагоны құрамнан ажыратылды, 9 КМО күші жойылды, 25 бағыттама бұрмасын пайдалануға шек қойылып,  7 станциялық жол жабылды, пойыздар қозғалысына 33 жылдамдық шектеуі енгізілді, 5 арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам (ССПС) пайдаланудан уақытша шығарылып, 5 секция орталықтандыру жүйесінен ажыратылды, 23 құрылғы пайдаланудан шеттетіліп, технологиялық процесс кестесін орындаудың 19 жағдайы тоқтатылды, – дейді аппарат бастығы Алмат.

Көріп отырғанымыздай, жүргізілген тексерулер, қабылданған тыйым салу шаралары, сондай-ақ түсіндіру және профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі арттырылып, қызметкерлердің жеке жауапкершілігі күшейтілуде. Қабылданған шаралардың тиімділігі нәтижесінде Қызылорда жол бөлімшесінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі айтарлықтай азайған.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды