Дегелең мен Семей станциялары аралығында теміржол мүлкі мен жүк қауіпсіздігі тексерілді

Қауіпсіздік
19.06.2026, 09:07
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолында желі бойындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың, соның ішінде ұрлық фактілерінің алдын алу бағытындағы жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп жатыр. Оған Әскерилендірілген күзет қызметі, оның ішінде Семей филиалы да өз үлесін қосуда.

Жуырда филиал басшысы Самат Райымбековтің тікелей жетекшілік етуімен Дегелең және Семей станциялары аралығындағы телім бойында жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді. Бұл жұмыстар рейдтік бақылаудан өзгеше. Себебі желі бойындағы Жалпақ, Талды, Көл, Шаған, Известковая сынды шағын станцияларда із кесу жүргізілді. Соның ішінде бірінші кезекте жүк вагондарындағы ұрлық, бекітпе-пломбалардың бүлінуі, тасымалдаған жүктің сақталуы, теміржол мүлкінің амандығы сынды факторлар басты назарға алынды.  

Мұнымен қоса, ең көп кездесетін ақаулық – ленталардың үзілуі, сымдардың босауы немесе үзілуі сынды техникалық талаптардың бұзылуына жататын тосын жайттар да қаперден тыс қалмады.  

Сонымен қатар қадағалау жұмыстары барысында теміржолшылармен әңгімелесу жүргізілді. Мақсат – желі бойында күдікті жайттар туындаған шақта құзырлы орындарға бірден хабарлау, жүктерді жеткізу мен сақтаудағы негізгі міндеттер жайында кеңінен әңгіме өрбіді.  

Сол тәрізді жол айрықтары мен жүк станцияларындағы «ӘТЖК» ЖШС Семей филиалы қызметкерлерінің тосын жайттарға даярлығы да пысықталды.  

Ал өткізілген іс-шараның нәтижелері бойынша жүктің ұрлану белгілері, вагондардың бүлінуі және тасымалданатын мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуына қауіп төндіретін және өзге де заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Учаскелердегі қалыптасқан ахуал тұрақты күйінде қалып отыр және ұдайы бақылауда.  

Кейінгі жылдарда бөлімше көлемінде транзиттік жүк пойыздарының ағыны әлдеқайда артқан. Сол себепті әр ауысымдағы күзет қызметкерлері де жұмыс барысын ширата түсуде. Мәселен, Семей, Жаңа-Семей сынды тораптық жүк станцияларында шамамен 35-40 адам станция басына келіп тоқтаған әрбір жүк пойыздарының амандығын толыққанды тексеріп, қатаң түрде бақылауға алады. Демек, тасымалдағы жүктер қырағы көздердің назарында деуге толық негіз бар.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті