Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай Атырауда дөңгелек үстел өтті

Аймақтар
29.04.2022, 11:03
©Rail-news.kz
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде дөңгелек үстел ретінде арнайы шара өтті. Әрине, бұл атаулы датаның маңызы зор, өйткені ол күн еңбекті қорғау саласындағы мәселелер мен еңбек қызметіне байланысты жарақаттардың, аурулар мен жазатайым жағдайлардың артуына қоғамның назарын аударуға арналады және соның алдын алуды көздейді.

«Соған орай, біз бұл күнде үнсіз қалмай, әр ұжымнан санаулы адамдарды шақырып, дөңгелек үстел ретінде емін-еркін отырып атап өтуді ұйғардық. Өйткені, еңбек барысындағы қауіпсіздік – ең маңызды қағида.  Соның ішінде қауіптілігі аса жоғары темір жол саласында бұл мерекені ескерусіз қалдыруға болмайды. Осы күннің маңызын Сіздер арқылы басқа да өндірісте жүрген әріптестерімізге жеткізе алдық деп түсінеміз» деді бөлімше бас инженері Бауыржан Картан. Мерекелік шараға Атырау Ақжайық, Мақат, Сағыз, Ганюшкино және басқа да станциялардан пойыз құрастырушы, станция кезекшісі, вагон қараушы, аойыз жылдамдығын реттеуші, жүк қабылдап-тапсырушы, еңбек қорғау инженерлері, басқа да мамандар қатысты.  

Еңбек ұжымдары өкілдерін бөлімше бас инженері Б.Картан мен кәсіподақ ұйымының жетекшісі Н.Нұрышев құттықтап: «Қазіргі таңда бөлімше еңбек қауіпсіздігі сақталуы жөнінен алдыңғы қатарлардан орын алып келеді. Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге әр теміржолшының, яғни, сіздердің қосқан үлестеріңіз зор» дей келе, еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық тіледі. Бөлімшенің еңбек қорғау бөлімінің бастығы Гауһар Бержанова мен бөлім мамандары қатысушыларға еңбек қорғау тақырыбында әр түрлі бейнероликтер көрсетті, викториналық сұрақтар қойды, танымдық ойындар ойнатты. Мұның бәрі әрине адамның еңбек қорғау ісіндегі дағдысы мен жадын жаттықтыру үшін керемет құралдар, амал-тәсілдер. Әр мекемеден келген әр қилы маман иелері де белсенділік танытып, сұрақтар мен ойындарға қатысып отырды. Әр жағдай бойынша өз ойларын да айтты. Соның ішінде арнайы киім мәселесі кеңінен талқыланды. Олардың мерзімі, қолданылуы, сапасы туралы пікірлер білдірілді. Мәселен, аяқ киімнің тез тозатыны, киімнің тігісінен жыртыла беретіні, өлшемі шақ келе бермейтіні, басқа да олқы тұстары айтылды. Себебі күнделікті тұтынып жүргендіктен олар киімнің жақсы-жаманын айыра алады ғой. Жұмысшылардың айтуынша, жері сыз, тұзды өңірде аяқ киімнің табаны қалың болғанын дұрыс санайды, өйткені жерден өткен ызғар аяқты тез тоңдырады және бәтеңкелер тозып, жыртылып қалады. Ал қонышты бәтеңкелердің жылуы мен төзімділігі жақсы екен. Жалпы, арнаулы киімдер сапасы жылдан жылға жақсарып келеді дейді теміржолшылар. Сонымен қатар, өз ара пікіралмасу барысында қазіргі уақыттан бастап өндірістегі жазатайым оқиғаларды естірту, хабарлау мобильдік қосымшалар арқылы жүзеге асатындығы да айтылды. «Сол арқылы жұмысшылар қай жерлерде қандай оқиғалар болып жатқанын біліп отырады және ондайда өздері де хабарлап отыруы тиіс» дейді бас инженер Б.Картан.  Сол секілді басқасу барысында жұмыс орнында қауіпсіздікті сақтаудың маңызы бас айтылды. «Егер өміріңе қауіп төніп тұрса, жұмысты тоқтату керек. Өйткені адам өмірі бәрінен де қымбат, Ал басқа мүлік қалпына келеді, адам орны ешқашан толмайды» дейді мамандар.

Сонан соң, еңбек қорғауда үлгілі жұмыс жетістігіне жеткен көптеген теміржолшыларды (пойыз құрастырушы, вагондар жылдамдығын реттеуші, жүк қабылдап-тапсырушы, еңбек қорғау инженері, т.б.) марапаттау рәсімі басталып, кәсіподақ ұйымының қолдауымен оларға Алғыс хат пен «Технодом» дүкеніне 20 мыңдық сертификат табыс етілді. Мамандардың көпшілігі 10-15 жылдан жоғары еңбек өтілі бар тәжірибелі мамандар. Мәселен, Мақат станциясының құжаттарды реттеуші операторы Қ.Баймағамбетова, аға пойыз қабылдаушы С.Әбілғазиева, Ганюшкино станциясының пойыз қабылдаушысы А.Аманов,  Құлсары станциясынан пойыз құрастырушы Б.Жандарбеков, т.б. Шараға қатысушылар күнде келе бермейтіндіктен бөлімше мұражайын да аралап, бөлімше тарихынан сыр берер әр түрлі жәдігерлермен танысты. 

Биылғы жылдың алғашқы тоқсаны бойынша Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті арттыру бағытындағы кешенді жоспар талапқа сай орындалып келеді.  11 шара бекітіліп барлығы орындалған, қаржысы игерілген. Станцияларда «Қауіпсіздік диалогы», «Өндірістік қауіпсіздіктің он екі негізгі ережелері», «Хенрих травматизмінің пирамидасы» тақырыптарында көрнекі жадынамалар ілінген. «Медикер» медициналық ұйымымен жұмысшы әр түрлі жағдайда ауырып қалғандағы алғашқы медициналық жәрдем көрсету тренингтері өткен. Бөлімше жазғы-қысқы арнаулы киіммен және арнайы қорғаныс құралдарымен бөлімше жұмысшылары 100 процент қамтамасыз етілген.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?