Қызылордалық өнертапқыштың қондырғылары кеңінен қолданыста

Аймақтар
31.05.2022, 10:46
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы өткен жылы салалық жарыстың жеңімпазы атанды. Ұлттық компания бойынша өтетін байқауда бағы жану – кез келген кәсіпорынға бұйыра бермейді. Дистанциялықтар бірауыздан бұл ең алдымен өз орталарындағы өндірісті өрге сүйреген өнертапқыштар еңбегі деседі.

Техникалық өндірістік құжаттар бөлімі – дистанцияның «жүрегі», оның еркін тыныстауын қамтамасыз ететін ерекше бөлім. Мұнда техникалық құжаттарды көз майын тамызып оқитын, инемен құдық қазғандай зерттеп-зерделейтін Нұрлан Жәнібеков бастаған кіл сауатты мамандар жұмыс істейді. Нұрлан Аймахан, Жанна Абдуайтова, Ақмарал Қалиева және Айқын Абылбековалардың қай-қайсысы да осал емес. Олар дистанция телімдерінде орналасқан байланыс құрылғыларының техникалық құжаттарын жергілікті учаскелерге сәй- кестендіріп, қажет жерінде сызбасын сызып, нормативтік құжаттамалар әзірлейді. Мәселен, өткен жылы Шиелі станциясы мен 20-бекет, Керкелмес және Бөріойнақ бекеттерінде станциялық жолдардың ұзартылуына сәй- кес, Жосалы-Қызылорда, Қызылорда-Шиелі және Шиелі-Түркістан учаскелерінің микропроцессорлы автоматтандырылған диспетчерлік орталықтандыру (МП-АСДЦ) жүйесіне көшірілуіне байланысты техникалық құжаттарды талап деңгейінде әзірлеп, нормативтік актілерді дайындаған осы бөлім. Алдағы уақытта АСУШ және АРМ-ВТД жүйесін өндіріске кеңінен қолданудың кешенді жоспарларын игеруді қолға алып отыр. 

Байланыс құрылғыларының техқұжаттарын нормативтік құжаттарға сәйкестендіріп рәсімдеумен қатар жаңа технологияларды технологиялық құжаттарға сәйкес жергілікті учаскелерге бейімдеп өзгерту және де оны құзырлы органдар тарапынан дәлелдеп бекітуі оңай жұмыс емес. Дистанцияның тіршілік көзіне айналып отырған осы бөлімді басқарып отырған Нұрлан Жәнібеков – еңбек жолын жоғары білім алған соң Жалағаш станциясында аға электромеханик болып бастаған маман. Соңғы бес-алты жылдың көлемінде жылына кемінде бес рационализаторлық ұсыныс енгізіп, олардың өндірісте кеңінен қолданылып, тиімді табыс әкелуіне мұрындық болып жүрген өнертапқыш-инженер өз ісінің нағыз шебері. Мысалы, оның өткен жылы қорғаған «Дизельді генератор қондырғысын (ДГА) ЭЦ қондырғыларына қосу» атты рационализаторлық ұсынысы 2011 жылы өндіріске енгізілген микропроцессорлы Рca Power маркалы дизель қондырғыларына қатысты жасалып, қазіргі таңда теміржолда кеңінен қолданылуда. Ал, аймақтағы Анакөл, 16 бекет, Қызылорда және Жалағаш станцияларында Рca Power дизель қондырғылары Нұрланның рационализаторлық ұсынысымен жергілікті учаскелердің ерекшелігіне сәйкестендіріліп, өзгерген нұсқада жұмыс жасап тұр. 

Нұрланның тағы бір рационализаторлық туындысы – «Блок пен релелерді тексеру стендісі» де өндірісте кеңінен қолданыста. Мұндағы ерекшелік техникалық жөндеу учаскелерінде теміржол автоматикасы мен механизмі құрылғыларының жұмыс сапасын тексеруді жетілдіру болып табылады. Құрылғылардың өндірістік жұмыс кезінде жұмыстан тыс қалуын жан-жақты зерттей келе аталған тетіктерді тексеру стендісі жасалған екен. Дистанция өнертапқыштары туындылардың сынақтан өтіп, техқұжаттарының жасалуына бір кісідей атсалысқан.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?