Маңғыстауда пойыздың мал басу оқиғасы азайды. Десек те...

Аймақтар
05.07.2022, 14:07
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда пойыздың мал басу оқиғасы былтырғыға қарағанда әлдеқайда азайған. Десек те арқаны кеңге салуға әлі ерте. Жуырда Бейнеу станциясында бас қосып, кеңейтілген жиын өткізген аймақ ревизорлары осы мәселені талқылады.

Жол қозғалысына төрт түліктен келетін кері факторлардың алдын алу жұмыстарын жандандырып, күресу жайын жетілдіру қажеттігін алға тартқан ревизорлар келтірген фактілерге назар аударсақ, биыл алғашқы жартыжылдықта жиырмаға жуық мал жолға шығып кетіп, шығын болған. Оның 15-ін жолаушылар пойызы басқан. Жүк пойызына қарағанда жолаушылар пойызының анағұрлым жеңіл боларын ескерсек, бұл алаңдатарлық жағдай. Әсіресе Тальго жүрдек пойызының жолдан шығып кету қаупі жоғары дейді мамандар. 

Сондықтан олар Бейнеу ауданына қарасты ауыл-аудандық округ әкімдерінің, теміржолға жақын орналасқан жеке шаруа қожалығы иелері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басын қосып, дөңгелек үстел ұйымдастырды.  

– Өткен жылғы есеп бойынша өңір теміржолында 151 шұғыл тежеу беріліп, 100 мал басу жағдайы болды. Сондықтан, былтырдан биыл тәуір деуге болады. Оған өткен жылы Маңғыстау-Бейнеу станциялары аралығында өткізген осындай жиындардың әсері болмай қалған жоқ. Сол үшін бұл басқосудан да күтеріміз көп, – деген қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау аймақтық жол шаруашылығы ревизоры Б.Жалмұқановтың айтуынша, өткен жылы ел теміржолдарында жылжымалы құрамның адам басып кетуінің 26 жағдайы тіркелген. 

Көп жағдайда ішімдік кесірі немесе адамдардың суицид жасауы себеп болғаны анықталған. Ал биылғы бес айда ҚТЖ-Жүк тасымалы бойынша адам басудың 4 жағдайы тіркелген. Соның ішінде балалардың пойыз астына түсіп қалуы ерекше алаңдатушылық туғызуда. Жасөспірімдердің жазғы демалысына орай балалар қауіпсіздігін сақтауда бірлескен іс шаралар ұйымдастыру керектігін ескерткен ревизор, осы тұрғыдан алдағы уақытта қолға алуға тиіс іс-шараларды да айтып өтті. 

Айтуынша, бұған дейін де біраз шаралар ұйымдастырылған. 16 мамыр-16 маусым аралығында «Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ» айлығы жарияланған. Айлық кезінде 14 рет рейд өтіп, адамдар өтетін жерлердегі 13 ескерту аншлагтары мен қауіпсіздік белгілері жаңартылған. Теміржол арқылы жаяу жүргіншілер өткелдерінің бар болуы және жарамдылығы тексерілген. 

Сонымен қатар, қараусыз жүрген төрт түлік үшін иесіне салынатын айыппұлды көбейту, малдарды сырғалау, мойнына шағылыстыру белгісін тағу, бақташы жалдау т.т. мәселелер қозғалды. 

Жиын қортындысы бойынша тепловоздарға бейнекамера орнату және прожекторларына модернизация жасау туралы басшылыққа ұсыныс беру, мал көп жүретін жерлерге қоршау салу мен жөндеуді келесі жылдың бюджетіне енгізу, Қарақия ауданы әкімшілігі шаруа қожалықтарына жер бөлгенде теміржолдан қашықтан беруі, Бейнеу станциясында теміржолдан өту тәртібі туралы айлық рейд жүргізу, Бейнеу ауданы әкімшілігі темір жол бойында қараусыз жүрген малды уақытша қамайтын жай бөлуі туралы шешім шығарылды.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл