Қызылорда өңірінде көмірден тапшылық болмайды

Аймақтар
11.11.2022, 09:37
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Өңір тұрғындарын қыс маусымында қажетті коммуналдық-тұрмыстық көмір, мазут отынымен қамтамасыз ету жұмыстарында еш кідіріс жоқ. Көмір аймақтағы бекеттерде кезексіз, айқай-шусыз таратылып жатыр.

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» филиалы Қызылорда қосалқы бөлімі бастығының логистика жөніндегі орынбасары Мейрамбек Шолтабаев көмір қоры қоймаларда жеткілікті екенін жеткізді. Қызылорда облысы бойынша биылғы жылыту маусымына берілген жоспар 176,2 мың тонна болса (коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 33,6, тұрғындардың тұтынуы үшін 142,6 мың тонна) бүгінгі күні қоймаларға келіп түскені 120,7 мың тонна, жалпы қажеттіліктің 68,5 пайызы жеткізілген.  

Бүгінгі таңда жол бөлімшесі бойынша көмірдің станцияларға жеткізілуі, кірме жолдардағы көмір қалдықтары жайлы тәуліктік мониторинг жүргізіліп, облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылуда.  

– Қызылорда қосалқы бөлімі басшылығы тарапынан ағымдағы маусымда халықты тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары күнделікті қадағалауда. Көмір отынымен қамтамасыз ету және аудандардағы көмірдің қолжетімділігіне көз жеткізу мақсатында құрылған бақылау топтары жергілікті тиісті органдармен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұжымының бас мамандарымен бірлесе отырып көмір қоймаларындағы жағдайды назарда ұстап отыр. Көмір қоры жеткілікті, тұрғындар тарапынан ешқандай дүрбелең жоқ, кезек те жоқ. Облыс аудандарындағы қоймаларда, бүгінгі таңда жалпы көлемі 12,9 мың тонна көмір бар. Мұны бекеттер бойынша таратып айтар болсақ, Сексеуіл станциясында 69 тонна, Арал теңізінде 414 тонна, Қазалыда 7420 тонна, Белкөлде 1035 тонна, Жаңақорғанда 4000 тонна көмір тұр, – деді Қызылорда қосалқы бөлімі бастығының логистика жөніндегі орынбасары Мейрамбек Шолтабаев.

Шынында көмір қоймалары маңында тұрғындардың таң азаннан кезекке тұрып таласуы секілді қолайсыздықтар бүгінде жоқ, ондай жағдайлар өткен күндердің еншісінде қалғаны байқалады. Бұл әрине, өңірдің қысқа қамды ерте жасап және жылыту жүйесінің басым бөлігінің көгілдір отынға ауысуымен де байланысты. Сонымен қатар аймақ теміржолшылары да көмір тасымалдаушыларды қажетті вагонмен бірінші кезекте қамтамасыз етіп отыр.  

Қазір жүк жөнелтушілер мен теміржол қызметкерлері арасында тығыз байланыс орнатылған. Тапсырыс берушілер өз жүгінің қай бекетте келе жатқанын АСУ жүйесі арқылы біліп отыра алады. Сонымен қатар телефон арқылы да, ортақ чат арқылы да хабарласып, жүкке қатысты жағдайдан хабардар болады. Аймаққа келіп жатқан көмірдің басым бөлігі Шұбаркөл, Майкөбен, Богатырь, Қаражыра секілді көмір кеніштерінен жеткізілуде.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты