Түрлі-түсті жұма...

Аймақтар
24.02.2023, 10:12
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Әр мекемеде жұмысқа келгенде киіну тәртібі бар. Мұны «дресс код» дейді. Әсіресе мемлекеттік мекемелерде оны қатаң сақтау талап етіледі.

Ал теміржолда арнайы форма киетін қызметкерлерден бөлек былайғы жұрт әдетте ақ-қара немесе сұр стандарт түсті сақтауға тырысады. Алайда, көптеген мекемелерде бес күн жұмыстың бір күнінде, әдетте жұма күні еркін киінуге рұқсат беріледі. Мұндай мүмкіндік теміржолшылар арасында да бар. Атырау магистральдық желі бөлімшесінің ұжымы да осы еркін киінуді жұмаға белгілеп, сол күні жұмысқа барлығы бір түсті киім киіп келуге ұйғарысыпты. Бұл күнді олар «Түрлі түсті жұма» деп атайды екен. Былай қарағанда, онда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Бірақ олай емес екен. 

«Біз аптаның соңғы жұма күнінде бүкіл ұжым боп жұмысқа бір түсті киініп келуге шешім қабылдадық. Әрине, бастапқыда оны әркім әр түрлі қабылдады, дегенмен уақыт өте келе бұл өте қызық, нағыз мотивация екеніне көз жеткіздік, ұжымның бірлігі мен белсенділігін, адамдардың ынтымақтастығын нығайтады», – дейді кадр бөлімінің басшысы Анар Жалғасбаева.  

Айтса айтқандай, нәтижесі керемет болыпты. Бір түсті киім кию ұжымдық иммунитет пен көңіл күйді көтеріп, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы арта түскен. Тіпті талапқа сай болып, қатардан қалмау үшін қызметкерлер белгілеген түстегі киімді табуға барын салады екен. Демалыс күндері біреуі базар араласа, біреулер сандығын ашып, гардеробын ақтарып дегендей. Ұзын сөздің қысқасы, әр жұма сайын ақ деген күні ақ, көк деген аптада көк, жасыл дегенде жасыл, күлгін десе күлгін түспен киініп келу үрдісі қалыптасыпты.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты