Әйтеке би станциясында ағаш шпалдар ауыстырылуда

Аймақтар
17.11.2023, 10:12
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Әйтеке би станциясында жол табанын сауықтыру жұмыстары қызу жүруде. Құдықсай – Әйтеке би аралығындағы 35 шақырымдық жолда ағаш шпалдар темір-бетонға ауыстырылуда. Ширек ғасыр қызмет еткен ескі рельстер де жаңартылып жатыр.

Жол жөндеу жұмыстарын міндетіне алған «Теміржол жөндеу» ЖШС мекемесінің Ақтөбе ПМС филиалы жол табанын жаңарту жұмыстарын шілде айында бастады. Жұмыстар желтоқсан айына дейін жалғасады деп отыр. 

Ақтөбе филиалының бас инженері Серікбай Беркімбаевтың айтуынша, бүгінде бұл аралықтағы 25 метрлік ескі рельстер алынып, орнына 700 метрлік бунақсыз рельстер төселуде, сондай-ақ ескі ағаш рельстер орнына жаңа темір-бетон шпалдар салынуда. Әрине, жөндеу жұмыстарына Ақтөбе рельс-арқалық зауытының бренд өнімі қолданылады. 

Жұмысқа мердігер компанияның жұмысшыларынан бөлек жергілікті жол, белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері де жұмылдырылған. Мамандар күрделі жөндеу жұмыстары кезінде байланыс жүйелеріне зақым келмеудің алдын алып, бағдаршам, бұрма жолдардағы қозғалысты реттейтін кабельдерде ақау болдырмауды қадағалауда. 

«Ағаш шпалдармен тұрған аралықтар бізде әлі де бар. Негізгі жұмыстар сол ағаш шпалдардың тозуына байланысты жылдамдық азайтып кеткен тұстарда жасалып жатыр. Техникалық талаптарға сай алдағы уақытта бұл жерлерде жылжымалы құрамның жылдамдығы артады», – деді бас инженер. 

Қазіргі уақытта Ақтөбе аймағында Жоса – Құдықсай, Әйтеке би – Қызылсай аралықтарында ағаш шпалдар жатыр. Жыл сайын кезең-кезеңмен оларды темір-бетонға ауыстыру жоспарланған.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға