Мереке иелерінің мерейі өсті

Аймақтар
11.03.2024, 13:36

Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалдарының перрондары мен пойыздарында жүзден астам әйел жолаушыларға гүлдер мен сыйлықтар табысталды. Әйелдер қауымына саксофон әуені мерекелік көңіл-күй сыйлап, ал пойыздың ішінде дауыс ұлғайтқыш арқылы тілектер айтылды.

Сыйлық алған әйелдер қауымы ықылас лебіздерін айтып, жолсеріктерге алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, бұл күні еліміз бойынша 8 Наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты. Ұлттық тасымалдаушы мереке күндері нәзік жандарды жыл сайын құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Мереке қарсаңында ел өңірлеріндегі жол бөлімшелерінде де теміржолшы ер азаматтар әріптес қыз-келіншектерді құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлай білді. Мәселен, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің жігіттері әйелдер мерекесінде қыздарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырып, қызғалдақ сыйлап, сый-сияпат тарту етті. 

Ал мереке қарсаңында Қандыағаш станциясының көркіне ақылы сай арулары «Ал қанекей, қыздар» байқауында сайысты. Сайыс шарты бойынша арулар екі адамнан үш топқа бөлінді. Бес кезеңнен тұратын сайыстың негізгі міндеті – әр кезеңді қатысушылар біріге отырып орындау арқылы ұжымдық ауызбіршілікті көрсету. Сәлемдесу кезінде сөйлеу мәнеріне аса мән берілсе, байқаудың келесі шарттарында қатысушылар өнер, ас әзірлеу шеберлігі, спорттық сайыс арқылы сыналды. Сондай-ақ салт-дәстүр қойылымдарын көрсетті. Байқауға қатысушы қыз-келіншектердің барлығына сайыс соңында сыйлықтар тарту етілді.  

Ал Жамбыл өңірінде күрделі сала теміржолдың әртүрлі қызметінде еңбек көрігін қыздырып отырған теміржолшы қыз-келіншектерді жол бөлімшесінің директоры Айдын Сеитбенбетов Алғыс хаттармен марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ бұл күні еңбекке адалдығымен, жұмысқа тиянақтылығымен көзге түскен мереке иелеріне «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ермұхан Жұмабек Құрмет грамоталары және Алғыс хаттар тапсырып, сый-сияпат жасады. Мереке иелеріне ізгі тілегін жеткізді.

Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, Жамбыл

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда