Ақтөбедегі теміржолшылар музейі тұтас бір дәуірді көз алдыңа әкеледі

Аймақтар
25.04.2024, 11:59
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі теміржолшылар мұражайында не жоқ дейсіз...  400-ге жуық жәдігер, құнды деректер сақталған рухани және мәдени орын ғасырдан астам тарихтың жылнамасын топтастырған.  

«ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ қарасты мұражайындағы жәдігерлер ХХ ғасырдың басындағы теміржолшылар пайдаланылған бұйымдар мен алғашқы нысандық формалар үлгісінен басталады. Орынбордағы басты теміржол шеберханасының көрінісі, паровоз машинистері мен олардың көмекшілері, от жағушылар, темір ұсталары, балға соғушылар, слесарлар, кондукторлық құрам, бағыттамашылар, пойыз құрастырушылар, жол жөндеуші жұмысшылар, жолшылар мен өткел күзетшілері, жол және көпір шеберлері, инженерлік-техникалық персонал туралы сарғайған ескі суреттер мен газет тігінділері  қазақ темір жолының тұтас бір дәуірін көз алдыңа әкеледі. 1906 жылы теміржолшылардың орташа жалақысы айына 37,9 рубль болғаны туралы құжаттар да сақталған.  

Қазақстанға теміржол батыс өңірден бастап тартылғаны белгілі. Мұражайдағы деректер «Орынбор-Ташкент» магистралінің құрылысы, қалыптасу жылдары, кеңес үкіметі, соғыс жылдары, одан кейінгі кезек тәуелсіз Қазақстанда салынған жолдар, бүгінгі ҚТЖ тарихымен астасып күні бүгінге дейінгі болат жолдың жылнамасы рет-ретімен жасалған. Батыс Қазақстан теміржолының тарихынан сыр шерткен құжаттар ғана емес, ардагерлер мен озық жұмысшылар туралы да түрлі деректер, олардың марапаты, формалары, ұстаған бұйымдары сақтаулы. Теміржолға қатысты ақпараттар мен фотоматериалдар, макеттер, сызбалар, диаграммалар мен карталардың да түр-түрі бар.  

– Барлығы 338 жәдігер жинақталған. Оның ішінде негізгі қор – 162. Төрт залдан тұратын мұражайдың көне залы, жаңа залы бар. Тәуелсіздіктен кейінгі темір жолдың тарихын Қазақстанда баламасы жоқ Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, Шалқар-Тассай учаскесі және Алтынсарин-Хромтау теміржолының макеттері толықтырады. Туған өлке тарихын, соның ішінде теміржол тарихын білгісі келетіндерге есігіміз әрқашан ашық, – деді мұражай меңгерушісі Анар Жұбаева.  

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты