ҚТЖ басшылығы Маңғыстау облысына барды

Аймақтар
27.09.2024, 09:57
Оқуға 4 мин
Суреттерді түсірген Олжас АХМЕТОВ
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бастаған сала басшылығы жергілікті теміржол кәсіпорындарын аралап, бірқатар кездесулер өткізді.

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде өткен тораптық кеңесте аймақ ахуалы, жергілікті мекемелер жұмысына қатысты мәселелер қаралып, қысқа дайындық барысы пысықталды. Ұсыныстар тыңдалып, негізгі көрсеткіштер сарапқа салынды. Қозғалыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері талқыланды. Табиғаты қатал өңірде теміржолшыларды санитарлық-тұрмыстық қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.  

Компанияның Аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев жүргізген жиында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Әлихан Қыраубаев Маңғыстау бөлімшесі бойынша персоналды басқарудың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. Бөлімшеде биылғы жарты жылда НЖС мекемелеріне қарасты жетекші кәсіптердің орташа жалақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқанын, бұл көрсеткіш Маңғыстау облысы бойынша орташа жалақы деңгейінен 5 пайызға артық екенін, ал НОД бойынша бұл көрсеткіш 12 және 15 пайызды құрайтынын атап өтті. Кадр басшысы жалпы жалақы мәселесі теміржол тарифіне байланысты реттелетінін айта келе, Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында теміржол саласында тарифтерді қайта қарау бойынша нақты тапсырма бергенін, соған орай ұлттық компания мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Ал әлеуметтік қолдау бойынша биыл жаңадан қабылданған ұжымдық шартта әлеуметтік қолдау бірнеше млрд теңгеге дейін өсіп, жалпы қызметкерлер мен зейнеткерлерге арналған әлеуметтік төлемдер 20-50 пайызға арттырылғанын жеткізді.  

Келесі кезекте сөз алған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Асан Үмбетов өз баяндамасында Маңғыстау бөлімшесі бойынша биылғы сегіз айдағы өндірістік көрсеткіштерге шолу жасады. Санитарлық тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстар, ғимараттарды жөндеуден өткізу, техникалық қорды жаңартуға қатысты мәлімет берді.  

Кеңесте көтерілген тағы бір мәселе маңғыстаулық теміржолшылардың басшылыққа жолдаған талап-арыздары бойынша болды. Бұл туралы Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаев баяндады. Маңғыстау өңірінен, соның ішінде Бейнеу жол дистанциясының жұмысшыларынан түскен шағымдарға тоқталған ол бүгінгі таңда 84 арыздың 45-і қанағаттандырылғанын, тағы 4-і ішінара орындалып, 23-і орындалу үстінде екенін жеткізді. Аталған арыз-шағымдардың мазмұнына да тоқтала кеткен бас инженер ПЧ жұмысшыларына берілген термосумкалардың бір бөлігі не себепті қоймада жатқанын сұрап, жергілікті басшылықты сынға алды. Сонымен қатар жол бойындағы 134 жылыну пункттерінің бәрі жөндеуден өткізіліп, қысқа дайын болуы ескертілді.

Қайырбай Ермекұлы Бейнеу – Тассай телімінде жұмысшыларды тасымалдауға арналған вагондар санын көбейту мәселесі де шешілгенін, яғни тағы бір вагон қосылатынын жеткізді. Жұмысшылардың Бейнеу-Тассай телімінде дәрігерлік көмек көрсету үшін медициналық мамандар бөлу туралы ұсынысына байланысты бас инженер соңғы кезде сала қызметкерлері алғашқы көмек көрсету бағытында оқытылып жатқанын, аталған телімдегі жұмысшылар да оқытылса, алыстан медицина қызметкерін күткенше жанындағы әріптесінің көмегі жылдам болатынын жеткізді.  

Кеңесте жергілікті мекеме басшыларына жұмысшылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ұсыныстарына құлақ түріп, мәселенің жергілікті жерде шешу мүмкіндіктерін қарастыру жүктелді.  

Сонымен қатар Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов пен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Ерназар Ізтұрғанов та өздері басқарып отырған бөлімшелердің биылғы сегіз айдағы жұмысы жөнінде баяндады. Н.Ғұбашов мекемеге қарасты кәсіпорындардың қысқа дайындығын, аймақтағы ірі жүк жөнелтушілерді тарту, клиенттерге сапалы қызмет көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында ақпар берді.  

Ерназар Ізтұрғанов инфрақұрылымды күрделі жөндеу, жол сапасын арттыру жұмыстарының барысымен таныстырды. Санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту бағытында осыған дейін инженерлік коммуникациялармен жарақтандырылған және қажетті керек-жарақпен, техникамен жабдықталған 47 модульдік ғимарат орнатылған. Оған қоса мекеме тоғыз автокөлік алып, қажетті кәсіпорындарына таратқан.  

Түбекте ҚТЖ басшылығы ат басын бұрған өңірлік кәсіпорындар қатарында Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы, Маңғыстау станциясындағы қалпына келтіру пойызы, аймақтағы теміржол мекемелерін су және жылумен қамтамасыз ететін «Теміржолсу» мекемесі болды. Аталған кәсіпорындардың өндірістік объектілерін аралап, жай-күйі мен техникалық жағдайымен танысып, қысқа дайындығы, қажетті керек-жарақ, материалдармен қамтамасыз етілуі тексерілді.  

ҚТЖ басшылығының қатысуымен Ф.Оңғарсынова атындағы Мәдениет үйіндегі өткен жиын марапаттау рәсіміне ұласты. Онда Басқарма төрағасы түбек теміржолына еңбегі сіңген теміржолшылар мен ардагерлерді «Қазақстан темір жолына 120 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады.  

Сала басшыларының сапары келесі күні Бейнеуде жалғасты. Компания басшылығы Маңғыстау вагон пайдалану депосының Бейнеу станциясындағы техникалық байқау пункті мен жол дистанциясын аралады. Кәсіпорындарға келіп түскен жаңа техникалар мен шағын механикаландыру құралдары тексерілді.  

Жұмысшылар белсенді жаңарту жүргізіліп жатқанын жоққа шығармады. Дегенмен, сонымен бірге домкраттардың сапасы мен кейбір қосалқы бөлшектерді жеткізу және автокөліктерге қызмет көрсету қажеттілігі туралы мәселе көтерілді. Басқа кәсіпорындарда да осындай мәселелер туындауына байланысты домкраттармен қоса осы жабдықты жеткізушілерді де ауыстыру мәселесін қарастыру тапсырылды.  

Бейнеудегі кәсіпорын ұжымдарымен кездесулерде теміржолшыларды толғандырып жүрген еңбек жағдайлары, арнайы киім-кешек, еңбекақы, ұжымдық шарт тармақтарының орындалуы, тағысын тағы мәселелер жанжақты талқыланды. Компания басшылығы жұмысшылардың жұмыс киімінің сапасына қатысты сынға қолдау көрсетті. Мердігер ұйыммен тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде нақты тапсырма берілді.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды