Ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан депо

Аймақтар
13.02.2025, 09:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда локомотив пайдалану депосы – ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан байырғы кәсіпорын. Шиелі мен Қазалы станцияларында оның айналым деполары жұмыс істеп тұр.

Сыр бойындағы Түркістан-Шиелі-Қызылорда-Қазалы-Сексеуіл станциялары арасында жүк және жолаушы тасымалына қызмет көрсететін локомотив депосы өткен жылды табыспен қорытындылады. Тасымал жұмыстарының жоспары 98,5-116,1 пайыз аралығында орындалып, белгіленген межеден асып түсті. Жалпы тасымал жұмысының нәтижесі 19 097,398 млн ткм. бруттоға жетіп, жоспар 106,8 пайызға орындалған. Жалпы локомотив жүрісі 9 503 млн км-ге тең болса, оның желілік жүрісі 9 053,536 млн км болған. Локомотивтердің орташа өнімділігі 2 675,1 мың ткм.бруттоға жетіп, орташа тәуліктік жүріс 855,8 км-ді құрады. Локомотивтердің тиімді жұмысы тәулігіне 16,22 сағатты қамтыған.    

– Мұндай табысқа тетік болып отырған депо машинистері мен техникалық мамандардың үйлесімді еңбегі, заманауи технологияларды тиімді пайдалана білуінің және кәсіби шеберліктің нәтижесі десем артық айтпаған болар едім. Депода 600-ге жуық машинист пен машинист көмекшілері еңбек етеді. Тасымал үдерісінің қауіпсіздігі мен тиімділігі осы мамандардың кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтан машинистер мен олардың көмекшілеріне қойылатын талаптар да жоғары. Олар үнемі техникалық оқу-жаттығулардан өтіп, білімі мен біліктілігін арттырумен болады, – дейді депо бастығы Нұртай Байғазы.

Теміржол саласында қауіпсіздік техникасының сақталуы әркез сақтала бермей, форс-мажорлық оқиғалар да орын алып тұратыны жасырын емес. Тек желтоқсан айында машинистер 12 рет жедел тежегішті басып, пойызды тоқтатқан. Себеп – жолға бөгде адамның шығуы, малдың жол жағалай жайылуы, жолға бөгде зат қойылуы, т.т. Ал жыл бойы депоның жұмыс аумағында мұндай қауіпті оқиғалар 218 рет қайталанған. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу үшін депо бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды