Арыстағы «Батырлар аллеясы»

Аймақтар
06.05.2025, 10:52
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласының вокзалынан қала жаққа қарай шыққан беттегі алаңда әйгілі «Батырлар аллеясы» бар. Қала қақпасынан бастау алатын алаңдағы аллеяға қойылған 15 мүсіннің алтауы Ұлы Отан соғысының батырлары болса, тоғызы – Еңбек Ері атанған ерлер.

Олардың бәрі де осынау киелі Арыс топырағында дүниеге келіп, абырой-аттаққа бөленген тұлғалар. Кеңес Одағының батыры Бейсен Оңтаев, Садық Исмайылов, Берген Исаханов, Иван Журба, Ережепбай Молдабаев, Нағи Илясов пен Социалистік Еңбек Ері Сырлыбек Байжанов, Қабжан Мұхамеджанов, Әуесхан Салықбаев, Әбдуәлі Балғынбеков, Боранбек Шүкірбеков, Артық Есқожаев, Шырымбек Жұмабеков, Айту Досымбеков және Қапал Құттыбеков сынды азаматтардың мәрмәр тастан қашалып жасалған мүсіндері ежелгі қаланың шырайын ашып, тарихтан сыр шертіп тұр.  

Сонау 1900 жылдары салынып, пайдалануға берілген Орынбор-Ташкент темір жолы заманында Орта Азия мен Ресейді байланыстыратын жалғыз қатынас жолы болды. Арыс қаласы осы күре жолдың бойында орналасқандықтан көп ұзамай-ақ Орта Азия қақпасы атанды. Осылайша шойын жолдың келуімен қала тоғыз жолдың торабына айналды. Өйткені бұл сала тіпті өңірдің, облыстың ғана емес, тұтас одақтық көлемде экономикалық әлеуеттің өсіп-өркендеуіне оң әсерін тигізді.  

Сонымен қатар бұл жер теміржолшылар легін қалыптастырып, оқытып, дайындап шығатын үлкен ұстаханаға айналды десе де болады. Сондықтан Арыс ел аузында теміржолшылар қаласы деген атқа ие болып отыр. Ал жоғарыдағы батырлар аллеясынан орын алған абыройлы есімдер қатарында тек Арыс емес, бүкіл отандық теміржолдың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың да болуы – табиғи жағдай. Өйткені Сырлыбек Байжанов, Қабжан Мұхамеджанов, Әуесхан Салықбаев, Әбдуәлі Балғынбеков сынды тұлғалар Қазақстан теміржолшыларының мақтанышына айналған батырлар. Олар кешегі қанқұйлы соғыс жылдары әскери тәртіпке көшірілген теміржолда ерлікке пара-пар жанқиярлықпен еңбек етіп, Ұлы жеңіс күнін жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан жандар.  

2019 жылғы әскери қоймадағы алапат жарылыстан соң көп ұзамай өкімет апаттың залал, зардабын қалпына келтіру жұмыстарын қызу қолға алды. Қаланың бас қақпасы саналатын теміржол вокзалының аумағы ретке келтіріліп, «Батырлар аллеясы» да қайта жаңғыртылды. Бүгінде аллеядағы ағаштар жайқалып өсіп, көпшілік серуендейтін қаланың көрікті жеріне айналды.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда