Күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесін беруде

Аймақтар
30.06.2025, 13:55
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде жол төсеміне күрделі жөндеу бойынша жазғы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жолшылар жаздың әр күнін тиімді пайдаланып қалуға күш салуда. Өңірде биыл 70 шақырымнан аса жол жөнделеді.  

Жалпы, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі алғашқы жартыжылдықты табысты  қорытындылады. Жолдың жай-күйін жақсартуға бағытталған жұмыс жоспары 113%-ға орындалды. Бөлімше директорының орынбасары Темірғали Көштаев инфрақұрылымның күтімі мен жасалып жатқан жұмыстар жайында жан-жақты ақпарат берді.  Келтірілген деректерге сүйенсек, диагностикалық  тексеру кезінде аймақта 78 шақырым жолдың жағдайы талапқа сай емес екені  анықталған.   2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш былтыр 128 км болған. Яғни жыл санап сапасы қанағаттанарлық жағдайдағы жол саны артып келеді.  

Сондай-ақ өткен жылдармен салыстырғанда ақаулар санының айтарлықтай  төмендеуі байқалады. Атап айтсақ, 4-ші дәрежелі ақаулар 25 жағдайға, 81-ден 56-ға дейін қысқарып,   3-ші дәрежедегі ақау 1667-ден 970-ке дейін азайған.    

Аймақтағы   күрделі жөндеу жұмыстарына «Теміржол жөндеу» ЖШС мердігер ретінде тартылған. Жоспар бойынша биыл 72,551 км жол күрделі жөндеуден өтуге тиіс болса, бүгінде оның  29, 545 шақырымы аяқталды. Жоспарлы жұмыстың 41%-ы алғашқы жартыжылдықта орындалды.

Бөлімшеде күрделі жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес 15 сәуірден басталды. Сәуір-мамыр айында Қандыағаш аймағындағы жөндеу жұмыстары тиянақталды. Маусым айында кестеге сай Никельтау станциясы аймағындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүрді.  

«Теміржол инфрақұрылымындағы күрделі жөндеу жұмыстары  жылда кешенді түрде жүргізілетіні белгілі. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар кестеге сай атқарылуда.  Бұл жол сапасын жақсартып, жолаушы және жүк пойыздарының қозғалыс жылдамдығын арттырады. Бұдан бөлек, транзиттік дәліздердің өткізу қабілетіне тікелей әсер етіп,   контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығын ұлғайтады.  Теміржолдың сапасын арттыру мақсатында күрделі жөндеуден басқа  да жөндеу түрлері жүргізілуде», – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Темірғали Көштаев.

Бөлімше өкілінің мәліметінше,  жолға күшейтілген орта жөндеу жүргізу жұмыстары шаруашылық тәсілмен  қатар атқарылып жатыр. ПЧ-4, ПЧ-8, ПЧ-2, ПЧ-6, ПЧ-4 күшімен аумақтарда күшейтілген орташа жөндеу жүріп,  балласт призмасы мен жер төсемі көтеріліп, нығайтылған.  Темірбетон арқалықтары бар бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жоспары 106 жиынтықты құраған.   Бұл жұмыстар Орал, Никельтау, Илецк, Ақтөбе, Қандыағаш, Біршоғыр, Шалқар станцияларында жүрген. Пойыздар жүрісі жайлы болу үшін рельстерді дәнекерлеу машинасы қолданылған.  Бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жоспары 65 жиынтықты құрап, бүгінде оның 25-і бойынша жұмыстар аяқталыпты.    

«Бөлімше бойынша барлығы 1392 жасанды құрылыс  бар.  Биыл 307 жасанды құрылыста түрлі жөндеу, нығайту, бекіту жұмыстары орындалды. Көпірлерді,  құбырларды, арықтар мен арналарға ағымдағы жөндеу, тазарту жұмыстары жүргізілді. Бөлімшеде биыл жалпы 218 көпір мен құбырды жөндеу, қалыпқа келтіру жоспарланған. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде ақаулар мен проблемалық учаскелер санын едәуір азайтуға мүмкіндік туды. Жабық аралықтардың көбеюі жолдың нашарлауымен байланысты емес. Алдағы уақытта басталған жұмысты жалғастырып, әсіресе проблемалық учаскелерде калибрлі бақылауды күшейту жоспарлануда», – деді Көштаев.

Айтуынша, алда Біршоғырда Мұғалжар-Алабас аралығы, Алабас-Біршоғыр аралығы және Никельтауда Хромтау – Сарысай аралығы бойынша 5 жартасты ойықтарда бұрғылау-жару жұмыстары жоспарланып отыр екен. Бұл теміржол бойын кеңейтуге бағытталған жұмыстар, сонымен қатар  қыста қар жиналмау үшін тиімді.  

 

Аймақтар
28.07.2026
Маңғыстау станциясында «Қауіпсіз теміржол өткелі» акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
28.07.2026
Шулық теміржолшылар апаттың алдын алды
Әлеумет
28.07.2026
«Үміт» пойызы іске қосылды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Ақтөбеде теміржол өткеліндегі қауіпсіздік мәдениеті тексерілді
Аймақтар
28.07.2026
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде екі автотрансформатор пункті салынды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Заң мен тәртіп: Болашақ жүргізушілерге теміржол өткеліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Қауіпсіздік
28.07.2026
Қарапайым ережені сақтайық
Жолаушылар тасымалы
28.07.2026
Пойыздағы санитарлық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Спорт
28.07.2026
Бас жүлдегер – «Теміржол қалқаны»
Жаңалықтар / Мұрағат
28.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №57 28 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті