Арыстағы біліктілік сайысы: вагон қараушылар шеберлігін сынады

Аймақтар
09.07.2025, 17:14
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс вагон пайдалану депосына қарасты 6  техникалық қызмет көрсету қосыны бар.  Шымкент бөлімшесінің барлық аумақтарын қамтыған  вагон қараушылар қосыны  Арыстан бөлек, Түркістан, Шымкент, Қазығұрт, Түлкібас, Сарыағаш станцияларында орналасқан.    

Жуырда Арыс вагон пайдалану депосында дәріс түріндегі сайыс өтіп, оған барлық техникалық қызмет көрсету пункті (ПТО) қатысты. Алты мекемеден еңбек ететін вагон қараушылар мен жөндеушілер арасында білім арттырып, тәжірибе шыңдау мақсатында ұйымдастырылған шараға 16 теміржолшы қатысты.    

Сайыс болған соң әрине ол тәртіп-талапқа сай өтуі тиіс. Оның бір алғышарты ретінде үміткерге теориялық білімін бағамдау мақсатында сұрақ-жауаптар қойылды. Мұнда қатысушымен болған әңгімелесу арқылы алдымен біліктілік сараланса, практикалық тәжірибе бөлімінде мамандардың қызметтік міндетін орындау сапасы сынға түсті. Яғни үміткер білгенін іске асыру барысында шеберлігін де паш етті. Мәселен, вагон доңғалағын балғамен қаққаннан кейін шығатын дыбысқа зейін қою арқылы оның ақауын анықтауды меңгеру үшін кез келген маманға уақыт керек. Демек, бұл уақыт өте келе тәжірибемен ұштасатын қарым-қабілет.

– Біз сайысқа қатысушылардың әлеуетін бағалауда осы әдісті әркез қолданамыз. Себебі маман біліктілігіне шынайы баға беруде бұл – таптырмас амал. Бүгінде осы амалды іске асыруда уақытқа қарап, тапсырманың шапшаң әрі сапалы орындалуына ден қойдық, – дейді ВЧД-30 – Арыс депосының бас инженері Ғалымжан Байзақов.

Айта кетейік, білім мен тәжірибе қатар сынға түскен сайыста Арыс вагон пайдалану депосы бастығының орынбасары Данияр Сейдахметов пен өндірістік оқыту шебері Пайызхан Қожанұлы және Марат Әлиакбаров сынды саланың қыр-сырын жетік меңгерген мамандар төрелік етіп, қатысушылардың көрсеткен нәтижелерін саралап, кіл мықтыны анықтады.

Ал екі кезеңнен тұратын сынақ нәтижесі бойынша алты ПТО-дан қатысқан үміткерлер арасынан Түркістаннан келген вагон қараушы Асқар Ғалымжан бірінші орынға лайық деп танылды. Ал екінші орынды шымкенттік вагон қараушы Жандос Кеңесбай еншілесе, үшінші орын Түлкібастан келген Нұржан Жандәулетовке бұйырды.

Шара аясында анықталған жеңімпаздарға өндіріс орнында қолданып, жұмыс өнімділігін арттыруға ыңғайлы құрал-жабдықтар сыйға тартылып, арнайы сертификаттармен марапатталды.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті