Тазалық акциясы тоқтамайды

Аймақтар
20.10.2025, 15:02
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Таза Қазақстан» экологиялық челенджін атыраулық әріптестерінен қабылдап алған Сыр елінің теміржолшылары тайлы-таяғы қалмай жасыл сенбілікке шықты.  

Теміржолшылар бұл жолы Қызылорда локомотив пайдалану депосының ауласында орналасқан Отан қорғаушылар аллеясын таңдап, оны жандандыруға кірісті. Атшаптырымдай депо ауласына Сырдың табиғатына бейімделген терек, қарағаш сынды 70 түп көшет егіліп, бұрынғы тал-дарақ қырқылып, қуарғаны кесіліп, айнала төңірек тазартылып, қоқыс шығарылды. Жалпы акция аясында аймақта 2264 дана көшет отырғызу жоспарланған. Ағаш отырғызылып қана қоймай, әрі қарай оған күтім жасау, суару жауапкершілігі де нақты белгіленді. Бұл – ұзақ мерзімді жасыл мұра жоспары.

Бөлімше директоры Батырхан Базарбаев, бас инженер Күлхан Белкібаев, «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев, депо бастығының орынбасары Қаныш Өтеген, Қауіпсіздік және еңбек қорғау, экология бөлімінің басшылары Әзімхан Жиенбаев, Ғалия Көпжасарова, Қызғалдақ Оспымбетова бастаған жүз қаралы адам  қолдарына құрал алып, жасыл желекке жан бітірді.  

– Бұл сенбілікте біз тек көшет отырғызып қана қойған жоқпыз. Біз болашаққа үміт ектік. Әр көшет – ертеңгі ұрпаққа қалдырған аманат. Сондықтан бұл тек экологиялық емес, рухани мәні бар акция, бұл жерде формализм жоқ. Мұнда шын ықылас, шынайы еңбек, туған топыраққа деген құрмет бар, – деді бас инженер Күлхан Шапайұлы.    

Экологиялық эстафетаны атыраулық әріптестерден қабылдаған қызылордалық теміржолшылар оны Жетісу өлкесіндегі Достық станциясына жолдады.    

 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?