Теміржолшылар депоны жасыл желекке бөледі

Аймақтар
20.11.2025, 11:15
Оқуға 1 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

ТЧЭ-30 Шу локомотив пайдалану депосының аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция шеңберінде кең ауқымды күзгі тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, 600 түп тал отырғызылды.

Акцияға депоның 100-ге жуық қызметкері қатысты. Теміржолшылар депо аумағын түгел тазартып, қоқыстарды шығарды. Тал отырғызатын орындарды дайындады.

– Алдымен Шу локомотив пайдалану депосының бастығы Медет Әбікеннің тапсырмасы бойынша тал отырғызатын аумақты таңдадық. Депо аумағы кең, машинистерге арналған мемориалды тақтаның алдына шырша отырғызып, гүл еккенбіз. Жалпы мекеме айналасындағы шағын-шағын аумақтарды жасыл желекке көмкеруді ойладық.  

Көрнекті жерлерге 100 түп ақ тал, локомотивтер кіріп-шығатын шойын жолдардың бойына және басқа да аумақтарға 500 түп қаратал отырғыздық. Мақсат – Астанадан, ұлттық компаниядан бастау алған ауқымды тал отырғызу экочелленджіне үн қосу, айналаны абаттандыру, – дейді депо бастығының локомотив пайдалану жөніндегі орынбасары Ербол Кукузов.

Расында депо аумағында тал-дарақ отырғызып, гүл егетін алаңдар көп. Ол жерде біраз жыл бұрын еккен көпжылдық шыршалар биіктей түскен. Тұтасып өсетін ақтал тұқымдас ағаштар өзгеше сән бере түсетіні сөзсіз. Депо алдындағы қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткіш-бюсті және теміржолшыларға арналған мемориалды тақтаның алды, ашық алаңдар жыл санап жасыл желекке көмкеріле түседі деген сенім мол.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды