Маманнан маңызды дәріс

Аймақтар
09.01.2026, 08:32
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік оқыту шебері Ақмарал Болысова бір күнін болашақ теміржолшыларға арнады. М.Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжінің студенттеріне «Электр энергиясын пайдалану ережелері» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында электр энергиясын дұрыс және қауіпсіз пайдалану қағидалары, тұрмыста және өндірісте кездесетін электр қауіп-қатерлері, жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі негізгі талаптар жөнінде айтып, қауіпсіздік техникасын сақтау, электр тогының адам өмірі мен денсаулығына әсері туралы нақты мысалдармен жеткізді.  

Өндірістік оқыту шебері студенттерге электр энергиясын үнемді пайдалану, ақаулы құрал-жабдықтарды дер кезінде анықтау және төтенше жағдай туындаған кезде алғашқы көмек көрсету тәртібі жөнінде де маңызды мәліметтер берді. Дәріс интерактивті форматта өтті. Болашағын темір жолдың электрмен жабдықтау саласымен байланыстырғысы келетін студенттер өздерін қызықтырған біраз сұраққа тұшымды жауап алды.

– Іс-шараның басты мақсаты – болашақ мамандардың электр қауіпсіздігі бойынша білімін арттыру, кәсіби жауапкершілігін қалыптастыру және еңбек барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үйрету. Сондықтан нақты осы салада еңбек етіп, өндірісте жүрген жұмысшыларды оқытып, білімін жетілдіріп жүрген маманды шақырып, студенттермен кездестіруді жөн көрдік, – дейді колледж басшылығы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды