Атырау облысында 9 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр

Аймақтар
30.03.2026, 13:00
Сурет: видеодан скрин

«Елу жылда - ел жаңа» демекші, 50 жылдан асқан Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмысы басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

24KZ телеарнасының мәліметінше, жобалық құны 3 млрд теңгеден асады. Құрылыс келер жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланған. Күрделі жөндеуден өткізілген вокзал ғимараты тәулігіне 5 мың жолаушы қабылдайтын болады. Биыл Үкіметтің қолдауымен қолға алынған «Өңірдің инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы» аясында «Атырау-Актөбе» және «Атырау-Астрахань» бағытындағы 8 стансада теміржол вокзалы жаңартылатын болады. Жетеуінің құрылысы шілде айында аяқталады деп жоспарланған. 

Бүгінде құрылыс алаңында жаппай демонтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жоба толық жүзеге асқанда осы перроннан бастап күту залының өзі 1,5 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ ана мен балаға арналған орындар, басқа да осындағы жолаушылар үшін қажеттіліктің барлығы қамтылады,- дейді мамандар. 

Бұл ғимарат 1972 жылы салынған болатын. Мұнайлы өңірдің бас қақпасы саналатын теміржол вокзалы арқылы тәулігіне 2,5 мыңдай  жолашуы өтеді. Сондықтан 50 жылдан астам уақыт жаңартылмаған ғимараттың тозығы жеткені өз алдына, сыйымдылығы да сын көтермейтін. Енді қайта жаңғыртылған ғимарат халықаралық стандарттарға толық жауап беретін болады.

- Қасынан 13,5 метр қосымша шағын вокзал салынады. Оның мақсаты 2-3 жолға бұрын жерасты туннель арқылы өтетін болса, ол мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалмаған болатын. Жасалып жатқан жоба бойынша 2-3 бағытқа аспалы көпір арқылы лифтімен көтеріліп, эскалатор ұйымдастырылады. Оның бәрі жобада бекітілген, - дейді «Атырау магистриалдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Аралбай Қосымбаев.

Жоба бойынша вокзал ғимаратын қайта жаңғырту 2027 жылдың шілде айында аяқталуға тиіс. Әзірше жолаушылар үшін 2-3-жолға шығу бағыты өзгертіліп, билет кассалары ғиамарттың алдына көшірілді. Жалпы биыл Атырау облысында осындай 8 стансаның ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Олардың әрқайсысының құны көлемі мен құрылысына қарай 150-180 млн теңге шамасында. Жобаның жүйелі жүзеге асуына жергілікті билік те мүдделі. 

- 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында Сағыз, Мақат, Доссор, Аққыстау және Ганюшкино Мұқыр, Жамансор вокзалдарының құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Аталған жобалар EPS-контракт негізінде жүзеге асырылуда,- дейді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Данияр Ғарифулла. 

Тоғыз жодың торабында тұрған Атырау стансасы арқылы тәулігіне 6 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Жоба толық жүзеге асқанда ішкі жолаушылар тасымалы жанданып, туристер үшін де  қолайлы жағдай қалыптаспақ.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды