Атырау станциясында қауіпті жүктердің тасымалы ерекше бақылауға алынды

Аймақтар
03.04.2026, 08:52
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мұнайлы аймақта жүк тасымалдау барысында қауіпті жүктер, яғни мұнай-газ өнімдері, пропан, бутан, мұнай, реактивті және дизель отындары, т.б. жүктер жиі кездеседі. Сондықтан оларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау аса маңызды.

Осыған орай аймақта ақпаннаурыз айларының ортасында «Қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау» атты айлық өтті. Атырау станциясының бастығы Бекжан Жиембетовтың айтуынша, айлық бойынша арнайы комиссия құрылып, тауар кассалары, жүк қабылдап-жөнелтушілер, пойыз қабылдаушылардың бөлмелерінде, техникалық кеңселерде, басқа да қоғамдық орындарда хабарламалар ілінген. Қауіпті жүк жөнелтушілердің вагондары ерекше бақылауға алынып, көліктік және вагон қызметін көрсетуші жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушы мекеме өкілдерімен арнайы техникалық сабақтар, комиссиялық тексерулер өткен. Логистикалық компаниялармен оларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы тиянақталған. Сондай-ақ мұнай құю барысындағы технологиялық процестердің және вагон паркінің сақталуы, цистерналардың бүтіндігі мен дұрыстығы қадағаланған.  

– Тексеру барысында станция қызметкерлері тарапынан «Каспиан Дриллинг LLP», «ҚТЖ ГП ЦТР», т.б. кірме жолдардан жүк қабылдаушыларға, басқа станцияларға жөнелтілген жүктер қаралып, оларда апатты жүк екенін айғақтайтын арнайы белгілердің болуы, ал вагон пломбалары бүтін, люктер берік жабылғандығы тексерілді. Яғни, қауіпсіздікті бұзу белгілері жоқ екеніне көз жеткізілді. Рас, дизель отыны шамадан асып тиелген вагондар да кездесті, бірақ олар дер кезінде кемшілікті түзетіп, артық майды кері құйып алып, вагондар талапқа сай жабылып, пломбаланды, –дейді станция бастығы.  

Жалпы, 13 ақпан-13 наурыз аралығында өткен «Қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау» айлығы кезінде Атырау станциясынан қауіпті жүк саналатын 90 вагон түсіріліп, 44 вагон тиелген.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды