Мамандар желі бойындағы құрылғыларды тексеруде

Аймақтар
14.04.2026, 09:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жолдағы тексерісті күшейтті. Көктемгі байқау барысында әсіресе белгі беру және байланыс жүйелерінің сенімділігі тексеріліп жатыр.

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Орал, Ақтөбе, Қандыағаш және Шалқар тораптарында 6 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Олардың басым бөлігі жол шаруашылығы мен белгі беру-байланыс саласында жұмыс істейді.  

Бөлімшенің белгі беру және байланыс бөлімінің басшысы Жәнібек Жұмаевпен желі бойын аралатып жүріп, әр бұрмадағы жауапкершілік пен әр бағдаршам, әр сигналдағы қауіпсіздікті, тәуекелдерді көзбен көрдік. Көктемгі байқау аясында мамандар желі бойын аралап, құрылғылардың жұмысын тексеруде. Жәнібек Жұмаев белгі беру, радиобайланыс және электрмен жабдықтау жүйелерінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысы жайлы түсіндіріп, әр бұрма мен бағдаршамның уақытылы әрі дәл жұмыс істеуі пойыз қозғалысы үшін маңызды екенін жеткізуге тырысты.  

– Станция кезекшісі берген бағытқа сәйкес бұрмалар автоматты түрде ауысып, бағдаршамдар ашылады. Бұл салада жеңіл жұмыс жоқ. Әрбір ток көзі бар құрылғы қауіпті. Тіпті жіңішке жіптей бір сымның ауысып кетуі бүкіл жүйенің жұмысына әсер етуі мүмкін. Сондықтан әр бөлшекке мұқият қарау – міндет. Біз үшін адамдардың қауіпсіздігі қымбат. Әр жұмысшының үйіне аман оралуы үшін күн сайын қауіпсіздік ережелерін еске салып отырамыз, – деді бөлім басшысы.  

Айтуынша, автоматтандырылған жүйелер жол жағдайын кезекші пультіне секундтар ішінде жеткізіп, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кіріс бағдаршамдарының алдында пойыз доңғалағының қызуын өлшейтін арнайы құрылғылар орнатылған. Мұндай жүйелер әр 35-40 шақырым сайын орналасқан. Егер пойыз доңғалағында ақау анықталса, ол дереу тоқтатылып, станцияға кіргізілмей, қауіпсіздік шаралары қабылданады. Бұл станция ішіндегі күрделі қондырғыларды қорғау үшін қажет.  

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің қарамағында Қандыағаш, Шалқар, Ақтөбе, Орал – төрт белгі беру және байланыс дистанциясы және Ақтөбе, Шалқарда екі электрмен жабдықтау дистанциясы жұмыс істейді. Бөлімше осы құрылымдардағы жұмысты үйлестіріп, теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда бүкіл бөлімше аумағында көктемгі байқау жұмыстары жалғасып жатыр.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды