Түркістан мен Сексеуіл арасындағы теміржол нысандары тексерілді

Аймақтар / Инфрақұрылым
20.04.2026, 14:41
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақтағы теміржол нысандарын көктемгі комиссиялық тексеруден өткізген комиссиялық топ мүшелері пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру, жеке құрамның техникалық қауіпсіздігі шараларына басымдық берді.  

Құрамында бөлімше басшылары мен бас инженерлер, жауапты мамандар, ревизорлар, кадр және кәсіподақ қызметкерлері бар, басшы-қосшылардың бір уақытта өткізетін комиссиялық тексеру процесі – шын мәнінде қызықты әрі өте жауапты шара. Қызылорда теміржолында биылғы комиссиялық байқау солтүстіктегі нысандардан басталып, оңтүстіктегі Шорнақ – Шиелі – Қызылорда телімінде жалғасты. Шиелі станциясында тораптық жиын ретінде өткізіліп, анықталған кемшіліктер мен олқылықтарға сараптама жасалды. Негізгі ұстаным – бір кемшіліктің қайталануын болдырмау, алдын алу. Сәуір айы басталғалы бері көктемгі комиссиялық тексеруге дайындық жасап жатқан жол  бойындағы станциялар мен құрылымдардың жазғы маусымға дайындығын бағалаған бөлімше бастығы Ербол Сәулебеков, биылғы жылғы көктемгі комиссиялық тексерудің жалпы деңгейі «жақсы» екенін білдірді. Дегенмен Түркістан мен Сексеуіл арасында әлі талай жұмыс бар деді.  

– Кешеден бері Түркістан – Шиелі станциясының аралығы, бүгін Шиелі станциясындағы нысандар тексеруден өткізілді. Бүгін Шиелі – Қызылорда аралығын сүзіп шығамыз. Тек тексеру нәтижесіне қарап толық баға беруге болады, ؘ– деді Ербол Сәулебеков.

Аймақтағы әрбір бекетке аялдап, ондағы нысандарды иненің көзінен өткізгендей мұқият тексерген комиссиялық топ кем-кетікті жіпке тізіп құжаттап, оларды дер кезінде жою жолдарын да қарастыруда.  Мәселен Сексеуіл-Қоскөл телімінде, Сексеуіл-Қазалы-Қызылорда учаскелерінде анықталған кемшіліктер туралы Қызылорда аймақтық қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлары аппаратының бастығы Алмат Молдашев айтып берді.    

– Кеше Шиелі – Бірқазан учаскесінде 5 ескерту жасалды, ревизор Олжас Сиятов тарапынан 1 талон алынып, тыйым салынған маршрут бойынша 10 ескерту жасалды. Ревизор Әмір Жүсіпбеков тарапынан бағыттамалық бұрмада жылдамдықты шектеу жайлы ескерту жасалды. Сексеуіл – Қоскөл учаскесінде 2 вагон пайдаланудан уақытша ажыратылды, 2 КМО тоқталды, 1 құрылғы, 7 бағыттамалы бұрма жабылды, 3 рет жолдың жылдамдығы шектелді, жалпы 17 ескерту шарасы жасалды. Ревизор Б.Маханбетов 7 ескерту жасаса, Сәкен Бимұрзаев тарапынан 10 ескерту шарасы рәсімделіп, оларды дер кезінде қалпына келтіру жұмыстары дереу қолға алынды, – дейді ревизор Алмат Молдашев.

Қазіргі таңда аймақ тұрғындарының теміржолды кез келген жерден кесіп өтуі тыйылмай тұр. Тіпті комиссия мүшелері осындай көріністердің орын алып жатқанына куә болып, ескерту жасаса да тұрғындар өздері жасап алған сүрлеумен тартып бара жатқаны қынжылтпай қоймады. Сондықтан жол бойына ескерту белгілерін алыстан көрінетіндей етіп бадырайтып жазып қою, оны тұрғындардың көзіне бірден шалынатын көрнекі жерге іліп қою, ескіргендерін жаңарту, жергілікті әкімдіктермен бірлесе жұмыс жасап, тұрғындарға теміржолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру шараларын күшейту керектігі қатаң тапсырылды.

Тексеру барысында комиссиялық топ тарапынан теміржол бойын жасыл желекке айналдырып қоршаған ортаға қамқорлықты арттыру мақсатында көшет отырғызу жұмыстары да жасалды. Бұған дейін Сексеуіл – Қоскөл телімінде, Сексеуіл – Қазалы – Қызылорда учаскесінде көшет еккен комиссиялық топ мүшелері Бәйгеқұм және Сұлутөбе станцияларында да жеміс, сәндік ағаш көшеттерін отырғызды.    

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды