25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар

Аймақтар
27.04.2026, 11:49
Сурет: АВҚЗ
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау вагон құрылысы зауыты 13 сәуірде Астана қаласында өткен VІІ халықаралық машинақұрылысы және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Machinery Fair» көрмесіне қатысып,  өз өнімдерін көрсетті.  

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық көрмеге қатысу Атырау вагон құрылысы зауытына өз өнімдерін әлемдік бизнес-қауымдастыққа кең түрде көрсетуге, жариялауға және жаңа іскерлік қарым-қатынастар орнатып, Қазақстан машинақұрылысы саласында өзінің сенімді өндіруші екендігін дәлелдеуге мүмкіндік туғызды.  

Әсіресе мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған жаңартылған үлгідегі 15-3237 модельді вагон-цистерналар көрмеге келген көптің назарын аударып, қызығушылық туғызған. Ал бұған дейін компания қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде 12-6785 модельді әмбебап жартылай вагон өндіруші ретінде ресми тіркелген болатын. Енді ол компанияның нағыз отандық теміржол вагондарын өндіруші екенін айғақтайды. Соның куәсі ретінде жуырда Моңғолия мемлекетімен 7 млн долларға зауыт вагондарын сатып алу жөнінде Қазақстан – Моңғолия бизнес-форумы аясында келісім-шартқа отыру жүзеге асырылғанын айтуға болады. Атырау вагон құрылысы зауыты алдағы уақытта отандық өндірушілер жұмысына серпін беретін мұндай байланыстар ұлғая түсеріне сенімді.    

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде