Мамандық таңдау – маңызды іс

Аймақтар
26.05.2026, 08:52
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Шу локомотив пайдалану депосының басшылығы Шу ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп түлектерімен кездесті.

Кездесуде депо директорының орынбасарлары Мейірхан Бекжанұлы еңбек нарығында кәсіптік-техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары екенін айтып, дұрыс таңдау жасауға шақырса, Ғалымжан Дәулетұлы локомотив шаруашылығында еңбек ету мүмкіндіктеріне тоқталды.  

Мамандар Шу локомотив пайдалану депосының құрылған кезден бергі тарихымен таныстырды. Соңғы жылдарда депо паркінің жаңа электровоз, тепловоздармен толыққанын, теміржолшыларға, оның ішінде жастарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларына тоқталды.  

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу қаласында бірнеше буын ұрпағы болашағын шойын жолмен байланыстырған теміржолшылар әулеті көп. Мұндай отбасында өскен жастар темір жол тұрақты табыс көзі екенін жақсы біледі. Ал үлкен өмірге қадам басып, таңдау жасағалы тұрған басқа мектеп бітірушілерге сала мамандарының бағыт-бағдары керек. Кездесуде жастар машинист мамандығы, депода еңбек етудің артықшылықтары туралы сұрақ қойды. Сала басшылары жастарға қандай оқу орнында білім алуға болатынын түсіндіріп, кеңес берді.  

Сондай-ақ оқушыларға теміржол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау керектігін ескертті.  

 

Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады