25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Ревизорлар неге алаңдайды?

Аймақтар
29.05.2026, 08:40
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қауіпсіздік департаментінің Семей учаскесі бойынша аймақтық бас ревизоры Темірбек Акчалов Семей ЖТ филиалы және Семей магистральдық желі бөлімшесі басшыларының басын қосып, есептік тыңдау өткізді.

Басқосуда жыл басынан бергі қозғалыс қауіпсіздігін бұзу бойынша бірқатар өзекті мәселелер сөз болды. Жиында сөз алған бас ревизор өткен төрт ай ішінде бөлімше көлемінде тіркелген қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілеріне тоқталып, алдағы жұмыстарды ширату қажеттігін баса атап өтті. РБ-6 аппараты жүргізген қадағалау, тексеру іс-шаралары бірқатар мәселелерді анықтағаны белгілі болды.  

Солардың арасында мысалы нормативтік-техникалық құжаттамалардың болмауы бойынша 11 кемшілік, аталмыш құжаттарды жүргізу бойынша 21 кемшілік анықталған. Яғни қозғалыс шаруашылығында, коммерциялық жұмыс, одан бөлек локомотив шаруашылығында кемшіліктер көбейіп отыр. Барлық мекемелер басшылары жіберілген актілерді алды. Тиісті шаралар қолданылады.  

– Желі бойындағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша РБ-6 аппараты әр ай сайын талдау жасауда. Семей магистральдық желі бөлімшесі және желі бойындағы мекемелер басшыларына жіберілген ақауларды қалпына келтіріп, қауіпсіздікті бұзуға алып келетін себептерді қайталамау бойынша нақты ұсыныстар беріледі, – деді бұл орайда пікір білдірген Темірбек Иманғабасұлы.  

Айтуынша, әсіресе желі бойында локомотивтерді шұғыл тежеу жағдайлары мейлінше өзекті болып тұр. Мәселен қала іргесіндегі кірме жолда тепловозбен автобустың соқтығысуы орын алды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.  

Сол тәрізді жолдағы қараусыз малды хабарлауда машинистер мен диспетчерлер жұмысының, жолшылардың үйлесімділігін арттыру қажет. Әсіресе Жаңа-Семей жол дистанциясына қарасты телім бойы алаңдаушылық тудырып отыр. Мал басу фактілерінің басым көпшілігі осы аумақта орын алған. Шұғыл тежелу артқаны себепті ревизорлар тіпті жолаушылар пойызының қозғалысына уайымдай бастаған. «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген, салмағы жеңіл Тальго пойызының рельстен шығып кетуіне үйірлі жылқылармен соқтығысу жетіп жатыр.  

Бес ай ішінде мұндай 51 жайт орын алған. Өкініштісі, соның ішінде екі рет көлікпен соқтығысу апаты және бір адамды басу фактілері тіркелген. Сол тәрізді желі бойында мал басу оқиғаларының да саны артып отыр. Қараусыз мал бойынша желіге жақын орналасқан ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары жауапсыздық танытса, теміржол өтпелерінде кейбір көлік жүргізушілері жылжымалы құрамнан төнер қауіпті елемейді. Осыған орай бас ревизор Темірбек Акчалов НОД-ЖТ филиалы және НЖС-6 басшыларына бірқатар нұсқау түріндегі міндеттемелерді атап көрсетті. Мәселен, жол полициясымен бірге көлік жүргізушілерін ақпараттандыру шараларын өткізу күн талабында тұр. Сонымен қатар теміржол өтпелері бойындағы жол бегілерін жаңартуға да күш салу қажет. Бұл шаралардың сыртында теміржол бойындағы қауіпсіздік талаптарын орындау бойынша тұрғындармен алдын алу, түсіндіру жұмыстарын ширату, атқарушы билік өкілдерімен бірлескен жұмыстарды күшейту керек.  

Бұл нұсқаулардың орындалу барысы бөлімше басшыларымен қатар аймақтың бас ревизорының да тұрақты назарында болады.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде