Семейде желі бойының тазалығы тексерілді

Аймақтар
09.06.2026, 09:08
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы филиалы бойынша өзекті мәселелердің бірі елді мекен аумақтарын көктей өтетін желі бойының тазалығы болып отыр.

Жуырда Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов қала әкімімен бірге облыс орталығындағы теміржол жиектерінің тазалығын тексеріп шықты. Іс-шараға ПЧ-39, ПЧ-40 және станция басшылары да қатысты.  

Әуелгі кезекте шаһардың кіреберіс қақпасы саналатын Жаңа-Семей жол дистанциясының аумағы назарға алынды.  

Жалпы, желі бойында биылғы сәуір айының 9-жұлдызынан бастап «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірнеше мәрте сенбілік шаралары өткізілген болатын. Әйтсе де, көңілге кірбің ұялатар жайттар аз болмай шықты. Желі бойындағы жеке сектор тұрғындарының арасында түнгі мезгілде ұрланып келіп теміржол бойына күл-қоқыс, құрылыс материалдарының қалдықтарын төгіп кететіндер аз емес. Ал желінің қос қапталын тазалау теміржолшыларға қосымша жұмыс жүктеп отыр.  

Желі бойына жасалған тексеру барысында анықталғандай, бірқатар участоктар бойынша тазалық жұмыстарын қайтадан жүргізу қажет. Айдын Мақсұтбекұлы теміржол бойын ұдайы бақылауда ұстап, жол жиегінде шашылып жатқан қоқыстарды дереу шығарып отыруды тапсырды. Мұнымен қоса, қала басшысы коммуналдық қызмет бойынша жауапты мекемелер өкілдеріне теміржол маңайын тұрақты түрде тазалап, санитарлық талаптарды қатаң сақтауды міндеттеді.  

Алдағы уақыттарда жергілікті билік тарапынан желі бойы аумағындағы шағын және орта бизнес нысандарының жетекшілеріне және тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті