Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
30.06.2026, 18:00

Қайта жаңартудан кейін Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында теміржол вокзалдары пайдалануға берілді деп хабарлайды Rail-news.kz.

Батыс Қазақстан облысында 1937 жылы салынған Қазақстан станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзал күн сайын орта есеппен 300 жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Жоба аясында қасбет пен ішкі үй-жайлар жөнделіп, инженерлік коммуникациялар жаңғыртылды, іргелес аумақ абаттандырылып, заманауи жиһаздар мен жабдықтар орнатылды. Жұмыстарды орындау кезінде отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды.

Қазақстан станциясы арқылы Алматы, Орал, Астана, Маңғыстау облыстарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен байланысты қамтамасыз ететін 12 жолаушылар пойызы қатынайды.

Алматы облысында қайта жаңартудан кейін Қонаев станциясының 1978 жылы салынған теміржол вокзалы ашылды. Жұмыс барысында қолданыстағы конструкцияларды ішінара бөлшектей  және  ауданын ұлғайта отырып, ғимаратты қайта құру орындалды, қасбеті, ішкі үй-жайлары, инженерлік желілері, жолаушылар платформасы және іргелес аумақ жаңартылды. Мобильділігі төмен жолаушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пандуспен жабдықталған, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жаңа эвакуациялық шығу жолдары орналастырылған. Қайта құру кезінде қазақстандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды.

Қонаев станциясының вокзалы тәулігіне орта есеппен 45 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Семей, Өскемен, Павлодар, Қызылорда және Қазақстанның басқа қалаларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен байланыс орнататын 12 жолаушылар пойызы қатынайды.

Нысандарды қайта құру ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жолаушылар сервисінің сапасын арттыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өңірлердің тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты