Шыңғырлау теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді

Аймақтар
02.07.2026, 11:00

Батыс Қазақстан облысында 1936 жылы салынған Шыңғырлау станциясының теміржол вокзалына жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жоба Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзал ғимаратының жалпы ауданы 290,79 шаршы метрден 313,11 шаршы метрге дейін ұлғайды. Ғимарат толықтай жаңартылып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, шатыр мен инженерлік желілер ауыстырылып, жаңа жиһаз және заманауи жабдықтар орнатылды, сондай-ақ вокзал маңы абаттандырылды.

Ғимараттың қасбетін қаптауға отандық өндірісте шығарылған силикат кірпіші пайдаланылды. Ішкі әрлеу барысында заманауи дыбыс оқшаулағыш материалдар қолданылды. Қайта жаңғырту кезінде пайдаланылған негізгі құрылыс материалдарының барлығы Қазақстанда өндірілген.

Жаңартылған вокзал жолаушыларға қауіпсіз, жайлы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге қойылатын қазіргі заманғы талаптарға толық сәйкес келеді. Мұнда мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын азаматтарға да барлық қажетті жағдай жасалған.

Шыңғырлау станциясы арқылы Астана, Алматы, Маңғыстау облысы бағыттарына, сондай-ақ Ресей Федерациясына қатынайтын сегіз жолаушылар пойызы жүреді.

Вокзалды қайта жаңғырту жұмыстары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн