Әйтеке би станциясында астық тасымалы артқан

Аймақтар
14.07.2026, 09:19
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Әйтеке би – «Хромтау-Алтынсарин» теміржол желісі бойындағы жеті станцияның бірі. Теміржолшылардың үйлесімді еңбегінің арқасында станция өңірдегі жүк тасымалының маңызды торабы болып отыр.

Биылғы жеті айда Әйтеке би станциясынан 340 вагон астық экспортқа жөнелтілді. Сонымен қатар Өзбекстан темір жолына 66 вагон ақ каолин сазы тиеліп, станцияның жүк айналымын едәуір арттырған.  

– Станцияда бес жол бар. Оның алғашқы екеуі жолаушылар пойыздарын қабылдауға арналса, қалған үш жол жүк тасымалына қызмет көрсетеді.  

Биыл жүк тиеу көрсеткіші айтарлықтай артты. Астықты өңір саналатын ауданда дәнді дақылдарды тиеу жұмыстары жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Жеті ай ішінде Солтүстік Кавказ, Қаршы, Самарқанд және Килиязи бағыттарына 340 вагон астық жөнелтілді. Біздің басты міндетіміз – қозғалысты үйлестіру. Келген вагондарды уақытылы қабылдап, жөнелту жұмыстарын тиянақты атқарып, транзиттік пойыздардың кідіріссіз жүруіне қолайлы жағдай жасап отырған тміржолшылардың еңбегінің арқасында станцияның жүк түсіру көрсеткіші де жоғары деңгейде. Жеті айда 208 вагон жүк қабылданды. Оның ішінде көмір, ұлутас, цемент, жол торлары және темірбетон шпалдары бар. Бұл құрылыс және инфрақұрылымдық жұмыстарға қажетті материалдарға сұраныстың артқанын көрсетеді, – дейді станция бастығы Жандос Әбдіжәлелов.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты