Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті

Аймақтар
24.07.2026, 11:57
Фото Анны Панищевой

Орал – Жилаево аралығында теміржол көлігі объектілерінде жарақаттанудың алдын алу бойынша бірлескен профилактикалық рейд өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру үшін бүкіл ел бойынша ҚТЖ өткізіп келе жатқан «Қауіпсіз темір жол» акциясы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Рейдке теміржолшылар, Орал станциясының көліктегі полиция бөлімінің, Батыс Қазақстан облысы бойынша ведомстволық теміржол күзеті мен Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қатысты.

Профилактикалық іс-шаралар Орал қаласының Кар-Сити ауданында және Жилаево станциясында өтті. Дәл осы жерде тұрғындар көбінесе темір жолдарын белгіленбеген жерлерде кесіп өтіп, өз өмірі мен пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Рейдке қатысушылар темір жолдың жанында орналасқан аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға темір жолы арқылы қауіпсіз өту ережелері қаперге салынып, жадынамалар табысталды және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді. Жасөспірімдер өтіп бара жатқан пойыздарға тас лақтыратын жағдайлардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Теміржолшылар белгіленбеген жерлерде темір жолы арқылы өтуге   әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

ҚТЖ азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және темір жолдарды тек арнайы жабдықталған орындардан өтуге шақырады.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды