Атырау облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
30.07.2026, 08:16

Атырау облысында Мақат, Сағыз және Доссор станцияларының теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңарту барысында барлық объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстары кешені орындалды: тірек конструкциялары, шатырлар мен қасбеттер жаңартылып, инженерлік желілер ауыстырылды, үй-жайларды ішкі әрлеу жүргізіліп, іргелес аумақтар абаттандырылды, жаңа жиһаз бен заманауи жабдықтар орнатылды.

 Қайта жаңарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен іске асырылды.

1966 жылы салынған Мақат теміржол вокзалы қайта құрудан кейін аумағы 355,8-ден 374,9 шаршы метрге дейін ұлғайды. Вокзал күн сайын орта есеппен 138 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Маңғыстау, Бейнеу, Астана, Павлодар, Семей, Тараз, Шу, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Бурабай курортымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Тәжікстан Республикасымен қатынауды қамтамасыз ететін 26 жолаушылар пойызы қатынайды.

1973 жылы салынған Сағыз вокзалының ауданы 249-дан 348 шаршы метрге дейін ұлғайып, қайта жаңартылды. Вокзал тәулігіне орта есеппен 88 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы өңірді  Маңғыстау, Бейнеу, Орал, Астана, Павлодар, Семей, Тараз, Шу, Шымкент, Түркістан, Атырау, Көкшетау, Бурабай курортымен және Қостанаймен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.

1966 жылы салынған Доссор теміржол вокзалы қайта құрудан кейін аумағы 249-дан 348 шаршы метрге дейін ұлғайып отыр. Вокзал тәулігіне орта есеппен 107 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Тараз, Шу, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Астана, Көкшетау, Қостанай бағыттары бойынша, сондай-ақ Ресей Федерациясына, Өзбекстан Республикасына және Тәжікстан Республикасына 20 жолаушылар пойызы қатынайды.

Барлық үш вокзалды қайта жаңарту кезінде отандық өндіріс материалдары пайдаланылды. Жаңартылған нысандар жолаушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздіктің, қолжетімділіктің және жайлылықтың заманауи талаптарына сәйкес келеді.

Вокзалдарды жаңғырту елдің 124 теміржол вокзалын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасының бөлігі болып табылады.  

Жолаушылар инфрақұрылымын дәйекті жаңарту көліктік қызмет көрсету сапасын арттыруға, өңірлерді дамытуға және Қазақстан тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты