Қарағанды облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
30.07.2026, 16:35
Фото КТЖ и Министерства транспорта

Қарағанды облысында Мойынты және Ақадыр теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Соның барысында екі вокзалда шатырды монтаждау, ғимараттарды сыртқы және ішкі әрлеу, кәріз, сумен, жылумен және электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін жаңғырту, перрондарды қайта жаңарту және іргелес аумақты абаттандыру орындалды.

Қайта жаңарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, Қарағанды облысы әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен іске асырылды.  

Вокзалдар заманауи жиһазбен және жабдықтармен жабдықталған. Әрлеу кезінде қазақстандық өндірістің берік, өртке төзімді материалдары пайдаланылды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық шығулар жабдықталды. 1936 жылы салынған Мойынты вокзалы 862,36 шаршы метрлік жертөлесі бар екі қабатты ғимаратты сақтай отырып қайта құрылды. Вокзал 1 типке жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 191 адамды құрайды. Станция арқылы күн сайын Астана, Қарағанды, Балқаш, Семей, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Тараз, Достық, Қостанай, Павлодар және Петропавл қалаларымен, сондай-ақ Ресей және Қырғызстанмен қатынайтын 34 жолаушылар пойызы өтеді.

1936 жылы салынған Ақадыр вокзалы 595,4 шаршы метрлік бір қабатты ғимаратты сақтай отырып қайта құрылды. Вокзал III класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 305 адамды құрайды. Станция арқылы күн сайын Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Түркістан, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Бурабай курорты, Петропавл, Семей және Аягөз, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанмен қатынауды қамтамасыз ететін 38 жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалдарды жаңарту елдің 124 теміржол вокзалын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасының бөлігі болып табылады.

Жолаушылар инфрақұрылымын дәйекті жаңарту Көліктік қызмет көрсету сапасын арттыруға, өңірлерді дамытуға және Қазақстан тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты