Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
31.07.2026, 16:02

Ақтөбе облысында Шалқар және Шұбарқұдық теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жаңарту барысында екі нысанда да құрылыс-монтаждау жұмыстары кешені орындалды. Вокзал ғимараттары жаңартылып, жаңа шатырлар мен қасбеттер орнатылды, ішкі инженерлік желілер толығымен жаңартылып, ішкі әрлеу жұмыстары және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Вокзалдар жаңа жиһазбен және заманауи жабдықтармен жабдықталған. Құрылыс кезінде сапаның, беріктіктің және қауіпсіздіктің заманауи талаптарына жауап беретін отандық өндіріс материалдары пайдаланылды.

1909 жылы салынған Шалқар теміржол вокзалы қайта құрудан кейін 833,6 шаршы метр заманауи екі қабатты ғимарат болып табылады, ал қайта құрудан бұрын оның ауданы 472,8 шаршы метрді құраған еді. 1-ші класты вокзал күн сайын орта есеппен 1397 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Орал, Маңғыстау, Бейнеу, Сексеуіл, Қазалы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Шу, Қарағанды, Жезқазған, сондай-ақ Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен қатынайтын 32 жолаушылар пойызы өтеді.  

2012 жылы салынған Шұбарқұдық вокзалы да толығымен жаңартылды. Қайта құрудан кейін ғимараттың ауданы екі есеге жуық өсті – 111,2-ден 207,32 шаршы метрге дейін. Нысан фиброцемент панельді қасбетімен және заманауи материалдармен безендірілген жаңартылған ішкі бөлмелері бар заманауи екі қабатты ғимарат. 1-ші типті вокзал күн сайын 78 адамға қызмет көрсетеді. Станция арқылы елді мекенді Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қостанай, Тараз, Шымкент, Семей, Маңғыстау және Бейнеумен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы қатынайды.

Вокзалдарды қайта жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жайлы және қауіпсіз орта құруға, сондай-ақ өңірдің көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты